Шымкент: 4094 аялдама залалсыздандырылды

Шымкент қаласында қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық көліктер де коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде.


Атап айтар болсақ, дезинфекциялау жұмысы барысында 64 автопарк, 323 бағыттағы автобус залалсыздандырылды. Бұл туралы Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мәлімдеді.

Сала мамандары тамақтану орындары мен базар, өндіріс орындары жалпы саны 77 нысанды аралап, олардың барлығында коронавирустық инфекцияның (COVID -19) таралуына жол бермеу жөнінде санитариялық-ағарту, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдын алу шаралары жөнінде кеңестер берілді. Сонымен қатар, қала аумағында аудандарда дезинфекциялау жұмысына №35748 әскери бөлімнің сарбаздары мен 12 арнайы техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкент қаласы бойынша 8 саябақ, 37 гүлзар мен 4094 аялдама залалсыздандырылған. Қосымша айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша COVID-19″ инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 1143-ге жетсе, жазылып шыққандар саны 446 адамды құрайды. Ал, індеттен қайтыс болғандар саны, өкінішке орай 10-ға жеткен.

Осыған байланысты, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.