
Шалғайдағы шағын аудандардың инфрақұрылымын басты назарға қойған Мұрат Әйтенов инженерлік инфрақұрылым мәселелері бойынша мәжіліс өткізді.
Жиында анық болғандай, кәріз жүйесін тарту бойынша 4 нысанда құрылыс жұмыстары жүруде. Жыл қорытындысымен бір магистралдық кәріз коллекторының құрылысы аяқталып, 12 мың халқы бар 5 шағын аудан (Тоғыс, Жыланбұзған, Елтай, Бадам, Маятас) кәріз жүйесіне қосылады.
Ал 2025 жылға дейін қаладағы 40 шағын аудан табиғи газ жүйелерімен қамтамасыз етілетін болады. Келер жылы 2771 тұрғын үйге табиғи газ жүйесі тартылып бітеді.
АГРС-3 нысанының құрылысы аяқталса, өндірістік және әлеуметтік нысандарды үздіксіз, сапалы табиғи газбен қамтамасыз етуге жағдай жасалынады.
Жиынды қорытындылаған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың тұрмысын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар бергені белгілі. Сондай-ақ, шалғайдағы халық кездесу кезінде инженерлі инфрақұрылым мәселесін алға тартады. Жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін сондағы тұрғындар сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін бақылауға алыңдар» — деп, тиісті сала басшыларына жұмысты жандандыруды тапсырды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
155154 834816You produced some decent points there. I looked on the net towards the problem and discovered most people goes together with along with your web site. 960326
762107 134298Come across back yard garden unusual periods of ones Are normally Weight reduction and every 1 1 may possibly be crucial. 1 way state could possibly be substantial squandering via the diet. lose weight 405470