
Коронавирус инфекциясының жаңа толқыны кезеңінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы «COVID-19. Кәсіподақтар қауіпсіз еңбек үшін» акциясын іске қосты.
Аталған акция аясында «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақдар бірлестігі және «YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалы «SHYMKENT BUS» ЖШС-не қоғамдық бақылау жүргізді. Кәсіподақтар «Shymkent Bus» ЖШС-інде қызмет ететін еңбеккерлер мен қала ішінде қатынайтын жолаушылардың денсаулығы үшін алаңдаулы. Қоғамдық бақылау жұмыстарының нәтижесінде күнделікті қала тұрғындарына 230-ға жуық автобус, 17 бағыт бойынша қызмет ететіні анықталды. Серіктестікте 570 қызметкер жұмыс жасайды. Автобустарға тәулігіне 2 рет дезинфекция тұрақты түрде жасалуда. Сондай-ақ, кондуторлардың жанында дезинфекциялық ерітінділер бар және олар да санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, карантин талаптарына сәйкес, әр апта сенбі-жексенбі күндері автобустар қысқартылған тізім бойынша жұмыс істейді. Компания басшылығы тарапынан жүргізушілердің, кондукторлардың және жолаушылардың өздері маска режимін қатаң сақтайтындығы бақылауға алынған. «SHYMKENT BUS» ЖШС-нің басқармасының ғимаратының әр қабатының кіре берісінде антисептиктер орнатылған. Жүргізушілер мен кондукторлар және басқарма қызметкерлері де жұмыс барысында карантин талаптарын толығымен сақтап, қызмет жасауда.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
990567 137385I enjoy your writing style really enjoying this web internet site . 406647
844644 628250Oh my goodness! a wonderful post dude. Thank you Even so I is going to be experiencing concern with ur rss . Dont know why Can not subscribe to it. Will there be any person finding identical rss problem? Anybody who knows kindly respond. Thnkx 30100