Шымкент: «MegaSmart» компаниясының өнімдеріне сұраныс жоғары

Бүгін Шымкент қалалық Кәсіпкерлік және индустриалы-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков Қазақстанда Оңтүстік Корея технологиясын қолданатын «MegaSmart» жиһаз компаниясының жұмысымен танысты.


Қаладағы «Тассай» индустриалды аймағында жылтыр MDP плиталары мен жиһаз өндіретін «MegaSmart» компаниясы Оңтүстік Корея технологиясын қолданып, 3D жылтыр тақталарын шығарады. Зауыттың жалпы құны 545 млн теңгені құрайды. Жалпы, 69 жұмыс орны құрылған.

Оған қоса зауыттың жиһаз шығаратын цехы да іске қосылған. Цехтың жобалық қуаттылығы жылына 5000-нан астам жиынтықты құрайды. Бұл жобаны іске асыру Оңтүстік Кореядан Қазақстанға әкелінетін жылтыр тақталарды толығымен импорттауға мүмкіндік береді. Яғни, елімізде кәсіпорындағы жиһаз өндірісі 90 пайыз үлесті қамтып отыр.

Компания өкілдерінің сөзінше, зауытта шығарылатын өнім нарықта жоғары сұранысқа ие. Алдағы уақытта ірі кәсіпкерлік субьектілердің бірі ретінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сынды шет мемлекеттерге жылтыр плиталарды жеткізуге келісім-шартқа отырып, Ресей мемлекетіне өндіріліп жатқан өнімді экспорттау жоспарда бар.
Айта кетейік, компанияның Алматы, Қызылорда, Қостанай және Павлодар қалаларында өкілдігі бар. Жалпы, Қазақстан бойынша 16 өкілдікті құру жоспарға қойылған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.