Шымкент: «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары тағайындалды

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің бұйрығымен Шымкент қалалық филиалы төрағасы М.Әйтеновтің келісімімен Мұратәлі Оразалыұлы Қалмұратов «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.


Мұратәлі Қалмұратов 1977 жылдың 12 тамызында Сайрам ауданы, Кепе сарай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы: Заңгер, Экономист.

Еңбек жолын 2000 жылы ОҚО ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының заңгері болып бастаған.
2004 – 2015 жылдары ОҚО Әділет департаментінің діни істер бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ОҚО Діни істер департаментінің директоры, Дін істері агенттігінің ОҚО Дін істері департаменті директорының м.а., ОҚО әкімінің бас инспекторы болып, өзін тәжірибелі маман және басшы ретінде көрсете білді.
2015 жылы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары-ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, ал 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары — Шымкент қаласы әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келген.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.