Шымкент: «Nur Otan» партиясы 41 630 азаматқа 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек берді

Шымкентте «Nur Otan» партиясы 41 630 азаматқа 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек берді. Бұл туралы қала басшысы мәлім етті.


Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бүгінгі онлайн-брифингінде төтенше жағдай кезінде уақытша табысынан айырылған және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау шаралары көрсетілгені айтылды. Оның ішінде табысынан айырылған 283 897 адамға 42 500 теңгеден әлеуметтік көмек төленгені сөз болды.

Ал «Nur Otan» партиясы арқылы «Біргеміз» қоғамдық қорымен әлеуметтік топтағы 41 630 азаматқа 50 мың теңгеден көмек көрсетілген. Сондай-ақ, аз қамтылған 20 мың отбасыға 50 данадан 1 млн. бетперде таратылған.

Осы орайда республикалық бюджет есебінен азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету үшін 74 мыңнан астам адамға 994,7 млн.теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілгенін айта кеткен жөн. Ал әлеуметтік осал топтағы азаматтарға коммуналдық шығыстарын өтеуге 1,5 млрд.теңге қаржы бөлінген.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қор қаражаты қарапайым қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетуге жұмсалды. Бұл берілетін көмектің әрбір жанға дербес белгіленуін қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Biz Birgemiz акциясының аясында Қор халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден аударды. Бірінші кезеңде қаржылық қолдауды 150 мыңнан аса мұқтаж азамат алады, ол — 7,6 миллиард теңге.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.