Шілде айында Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы бірнеше елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіледі

Қазығұрт ауданының 12 мыңнан астам тұрғыны табиғи газбен қамтылады.


«Қақпақ» автоматты газ бөлу станциясының құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған. Газ құбырлары Қызылқия ауыл округіне қарасты Қызылсеңгір, Тұғыртас елді мекендері мен Қақпақ ауыл округіне қарасты Заңғар, Қақпақ, Сырлысай ауылдарын, сонымен қатар, Сарыағаш ауданының Бағыс елді мекеніне дейін тартылған.

2000-нан астам отбасы мекен еткен алты елді мекенде халық саны 12 мыңнан асады. Қазығұрт ауданы 73% газбен қамтылған. Екі газ нысанының құрылысы жүргізілуде. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болып, елді мекендерді табиғи газбен қамтамсыз ету жұмыстарының барысымен танысып, тұрғындармен кездесті.

Сапар барысында облыс басшысы Қақпақ ауылдық округіндегі Сырлысай елді мекенінде орналасқан орта мектептің жағдайымен танысты. Ауданда білім сапасын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында Сырлысай елді мекенінен 200 орындық мектеп ғимаратын салу жоспарлануда.

Өмірзақ Шөкеев Сырлысай ауылында орналасқан ет өңдеу цехында болды. Германиялық құрылғымен жабдықталған өндіріс орны тәулігіне 5 тонна ет өнімдерін өндіреді. Мұндағы ірі қара малды бордақылау алаңы 1200 бас малға есептелген. Цехте шұжықтың 12 түрі шығарылады. Алдағы уақытта өндіріс орнын Түркістан қаласынан ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қазығұрт ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі индустриалды аймақта орналасқан майсыздандырылған құрғақ сүт, сары май және ауыз су өндірісінде болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Облыс әкімі аудан басшысына нақты тапсырмалар беріп, бірқатар міндеттер жүктеді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.