Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті — туризм және қонақжайлылық индустриясы үшін кадрлар даярлайтын Қазақстандағы жалғыз бейінді жоғары оқу орны. Университет оқу көлемінің 60%-ын – өндірісте, 40%-ын оқу орнында өткізеді. Бұл туралы брифингте аталған университет ректоры Әлібек Шоқпаров мәлімдеді.
«Университетте қызмет көрсету саласындағы халықаралық ұйымдардың топ-менеджерлерінің қатарына кіретін оқытушы профессорлар сабақ береді. 2024 жылдан бастап 3 жылдық оқыту жүйесі іске асырылуда. Сабақтың тәжірибелік бөлігі туризм саласындағы мекемелер, қонақүйлер, туристік фирмалар, мұражайлар, әуежайлар және мейрамханалар базасында ұйымдастырылады. Осы бойынша дуальды оқыту жүйесі іске асырылуда. Биыл университетті алғашқы 460 түлек бітіріп, олардың 57%-ы үш ай ішінде жұмысқа орналасты. 2022 жылы оқу орны жанынан Ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру. Ал, 2023 жылы универиситет қабырғасында әскери кафедра ашылды. Ол жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруда және олардың ұлттық бірегейлігін нығайтуда маңызды рөл ойнайды», — деді университет ректоры.
Айта өтейік, «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған. Университетті құру Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бекітілген. Мақсаты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында жазылған және «туристік өнімдер мен қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру» болды.
2020 жылғы 25 мамырда «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі қызмет көрсету саласында кадрлар даярлау бағыты және жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға №KZ05LAA00018250 мемлекеттік лицензия берді.
2020 жылдың 22 маусымында университет Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктен халықаралық бастапқы институционалдық аккредиттеу туралы куәлік (І–А № 004) алды.
2022 жылғы 17 ақпанда ҚР БҒМ уәкілетті органы Университетке мемлекеттік бюджет қаражаты, ҚР жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет конкурсына қатысуға құқық беретін № 000356 куәлік берді.
Университет 2021 жылдың желтоқсанында ҚР жоғары оқу орындарының арасында бірінші дүниежүзілік туристік ұйымның (United Nations World Tourism Organization) бекітілген мүшесі болды.
2023 жылдың қазан айының басында Университет Түркияның жоғары білім Кеңесі (Yükseköğretim Kurulu) мойындаған шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне енгізілді.
Университет қызмет көрсету саласы үшін кадрлар даярлайтын, өзінің білім беру бағдарламаларына дуальды оқыту элементтерін белсенді енгізетін Қазақстандағы жалғыз бейінді жоғары оқу орны болып табылады.
Университеттің миссиясы қызмет көрсету саласы үшін Қазақстанның бірегейлігін нақты түсінетін және өз елін әлемдік деңгейде танымал етуге өмірін арнауға дайын мамандарды даярлау.
Университеттің ұраны – «Қазақстанның бірегейлігін өзің таны, оны әлемге көрсет!»
Университеттің негізгі құндылықтары: адалдық, үнемі жетілдіру, білімге теңдей қол жеткізу, командалық жұмыс, ашықтық және шығармашылық.
2022 жылдың қыркүйегінде Университетте Ғылыми-зерттеу орталығы құрылды, оның негізгі міндеттерінің бірі қолданбалы ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру болып табылады. Қазіргі уақытта республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 2 ғылыми-зерттеу жобасы іске асырылуда (2023-2025 жылдар). 2023 жылғы қыркүйегінен бастап «Bulletin of the International University of Tourism and Hospitality» атты халықаралық журналы шығарылады, журналға 2023 жылғы 29 маусымда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінен куәлік берілді.
2023 жылы университетте білім алушылардың әскери білім беру сапасын және олардың әскери-патриоттық тәрбиесін арттыруға мақсатында әскери кафедра ашылды.
Қазіргі уақытта жасалған келісімдер шеңберінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы ең ірі Сібір федералды университетінің Гастрономия мектебімен және Францияның «VATEL BUSINESS SCHOOL» мектебімен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Олармен ынтымақтастық Университетке халықаралық әріптестікті нығайтуға, халықаралық білім беру бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және іске асыруда өте бағалы тәжірибе алмасуға ғана емес, сонымен қатар сыртқы академиялық ұтқырлықты, атап айтқанда, оның шетелде танылуын айтарлықтай жандандыруға мүмкіндік береді.
Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімшарттар негізінде оқытушылар мен білім алушылардың (Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана), Алматы менеджмент университеті (Алматы), Тұран университеті (Алматы), Каспий мемлекеттік технологиялық университеті) және Ш.Есенов атындағы Инжиниринг (Ақтау), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда), А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті (Көкшетау), Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (Көкшетау), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Мұхтар Әуезов (Шымкент), Мардан Сапарбаев институты (Шымкент), Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан), Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті (Өзбекстан), Antalya Bilim University (Түркия), Prince of Songkla University (Тайланд) және т.б.) академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу жүзеге асырылады. Түркия жоғары білім беру кеңесінің (YÖK) тізіміне енуі түрік университеттерімен және ғылыми орталықтарымен серіктестік орнату мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Университет мамандар даярлаудың 2 бағыты бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады: 1) 6В111 – «Қызмет көрсету саласы» («В091 – Туризм», «В093 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі», «В092 – Тынығу»); 2) 6В014 – «Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау» («В005 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау»).
Мамандар даярлау 11 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады, атап айтқанда:
1) «6В11101 – Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру»;
2) «6В11102 – Халықаралық және ішкі туризм»;
3) «6В11103 – Экскурсиялық қызметтер мен жеке турларды ұйымдастыру»;
4) «6В11104 – Қонақ үй және мейрамхана бизнесі»;
5) «6В11105 – Туристік дестинациялар менеджменті»;
6) «6В01401 – Дене шынықтыру және спорт»;
7) «6В01402 – Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық»;
8) «6В11107 – Спорттық-сауықтыру фитнесі»;
9) «6В11108 – Ұйымдастырылған туризмді басқару және экскурсиялық-анимациялық қызмет»;
10) «6В11109 – Ивент-менеджмент»;
11) «6В11106 – Спорттық туризм».
Жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік серіктестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы кәсіптік білім беруді дамытуды қамтамасыз ету үшін дуальды оқытуды енгізу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. «В091 – Туризм», «В093 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мемлекеттік білім беру тобының 150-ден астам студенті дуальді оқудан өтуде.
«30 ұйыммен екіжақты келісімдер жасалды, атап айтсақ, «Aktau Tourism City Ltd» (Ақтау), «BR Travel» ЖШС (Астана), «Happy Travel» ЖШС (Астана), «Hotel Servise Astana» ЖШС (Астана), «Turion Investment Group» ЖШС (Астана), «Казавиатрейд», ЖШС (Астана), «Atiko-Astana» ЖШС (Астана), «Tech Expert EM&ET» ЖШС (Алматы қ. ), IP «PSN 38» (Алматы қ.), ЖП «M&M Travel» (Алматы қ.), «Исер» ЖШС (Алматы қ.), «Green» ЖШС Travel Qazaqstan» (Алматы), «Evisa Travel» ЖШС (Алматы), «Hotel Alma-Ata» ЖШС (Алматы), «Makkah Travel» ЖШС (Алматы), «Happy Travel Almaty 1» ЖШС (Алматы), All Sapar ЖШС (Алматы) Алматы), «CIT Travel» ЖШС (Шымкент), «Михраб» ЖШС (Шымкент), «PSN Shymkent 6» ЖШС (Шымкент), «Керуен» ЖШС (Шымкент), «Түркістан халықаралық әуежайы» ЖШС (Түркістан), ЖП «Арыстанбаев Асхат» (Түркістан)» — дейді университет ректоры Әлібек Шоқпаров.
Кәсіпорындарда 80-нен астам тәлімгер дуальды оқытуға қатысып, апта сайын студенттердің кәсіпорын базасында алған тәжірибелік білімдері мен дағдылары бағаланады екен.
«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ білім алушыларының жалпы саны 2639 адамды құрайды. Профессорлық-оқытушылар құрамын қоса алғанда қызметкерлердің жалпы саны 223 адамды құрайды. Университетте Wismar University (Германия), University of British Columbia (Канада), Tenago National University (Малайзия), Xinjiang University (Қытай), Istanbul University, Ankara University, Gazi University (Турция) және Томск политехникалық университеті (Ресей Федерациясы) сияқты бірқатар шетелдік университеттердің түлектері жұмыс істейді. Кейбір қызметкерлер University of Paris (Сорбонна, Франция), Ankara University, Ankara Hacı Bayram Veli University, Gazi University (Түркия), Colorado School of Mines (Колорадо, АҚШ) университеттеріннен шетелдік тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар, бұрыннан және қазіргі уақытта Қазақстандық аккредиттеу агенттіктерінде (Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік, тәуелсіз Қазақстандық Аккредиттеу орталығы), Ұлттық тестілеу орталығында, Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығында, Қазақстан Республикасының Ұлттық тестілеу орталығында, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығында сарапшы болып табылатын қызметкерлер де бар.
Туризм дегенде еске түседі, Түркістан қаласына қызығушылық танытушылар қатары артып келеді. Мәселен, «eQonaq» ақпараттық жүйесіне жыл басынан бері Түркістан облысына келген 17419 шетелдік қонақ тіркелген. Атап айтсақ, Өзбекстаннан — 10 920, Ресейден — 1425, Қытайдан — 989, Түркиядан — 751, Қырғызстаннан — 438, Үндістаннан — 368, Франциядан — 300, Германиядан — 217, АҚШ-тан — 192, Италиядан 177 азамат келген.
Сонымен қатар «eQonaq» жүйесі қонақтар ең көп тоқтаған үздік 5 қонақүйдің тізімін ұсынды. Бірінші орында – 2317 туристті қабылдаған «Karavansaray Turkistan» қонақүйі, екінші орында – 1891 қонақты күткен «Hampton by Hilton» қонақүйі, үздік үштікте 821 шетелдік орналасқан «Rixos Turkistan» қонақүйі бар. Бұдан бөлек, «Grand Khanaka» қонақүйіне — 274 турист, «Silk Way Turkistan» қонақүйіне 218 шетелдік қонақ тоқтаған.
«eQonaq» – туристік ағынды және көші-қонды бақылауды жинауға және есепке алуға арналған ақпараттық жүйе. Аталған жүйе орналастыру орындарының бірыңғай реестрін құру, туристердің келу-кету әрекеттерін бақылау және есепке алу, турист ағымын және портретін сараптау, сондай-ақ туристердің тұрақтау кезіндегі тұрмыс сапасын жақсартуға арналған алуан қызметтерді ұсынады.
Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдегі туризм саласын дамыту бойынша жол картасы бекітілді. Жол картасында туристік нысандардағы инфрақұрылымды жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру, маркетинг жұмыстарын күшейту, «Open Turkistan» мен аудан, қала әкімдіктерінің жұмысын жандандыру қарастырылған. Нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысына сәйкес ішкі туристердің санын 25%-ға, шетелдік туристердің санын 2,5 есеге, туризм саласындағы қызмет көлемін 30%-ға жеткізу күтіліп отыр.
Осы ретте атап өтер тағы бір жайт, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдің туристік нысандарының ақпаратын жаңарту және әдістемесін дайындау мақсатында бірыңғай ақпаратты ұсынатын әдістемелік құралдары әзірленуде. Онда туристік нысандар бойынша фактілер, аңыздар және қызықты оқиғалар тізбегі қамтылады.
Туристік нысандар бойынша жинақталған ақпараттарды археолог, тарихшы, архитектор, өлкетанушы, лингвист және басқа да білікті мамандармен бірге талдау жұмыстары жүргізіледі.
Жинақталған ақпараттарды қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, араб, жапон тілдеріне аудару жұмыстары жүргізіліп, бірыңғай туристік ақпарат құралына енгізіледі.
Жалпы, Түркістан облысында эко туризм қарқынды дамып келеді. 2024 жылдың 9 айының қорытындысына сәйкес табиғи аумақтарға келушілер саны 109,5 мыңды құраған.
Түркістан облысында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік-рекреациялық мақсатта 30 туристік соқпақтар мен маршруттар құрылған.
Соның бірі – «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағы. Мұндағы 11,7 % немесе 17519 гектар жер телімі рекреациялық және туристік қызмет аймағы болып саналады. Аталған аумақта келушілерге арнап 11 туристік соқпақ ұйымдастырылған. Қазіргі таңда парк аумағындағы жалпы ауданы 343,2 гектарды құрайтын 29 жер телімі туристік және рекреациялық мақсатта пайдалануға берілген.
Ұлттық парк аумағында 7 қонақүй, бір аңшылар үйі кешені, 6 монша және жасақталған 94 демалыс алаңқайы, 38 автотұрақ, 77 қоқыс жәшігі, 52 қоқыс контейнері, 48 санитарлық-гигеналық торап, 40 дана арнайы тамақ пісіретін немесе от жағатын орын келушілерге қызмет көрсетуде. Бұл орындарға, әсіресе, жаз айларында сұраныс артады. Алдағы уақытта аталған аумақта демалыс нысандарын көбейту жоспарланып отыр.
Тағы бір маңызды ақпаратпен бөлісейік. Түркістандағы Күлтөбе қалашығы жүзжылдықтарға жетелейтін туристік нысанға айналмақ. Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» атты ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары кезекті рет пысықталды. Бұған дейін жобаның алғашқы кезеңі аяқталған-ды. Жұмыстар ЮНЕСКО-ның қатаң талаптарына сай жүргізілуде.
Аталған жобаны жалғастыру бойынша облыс әкімі Дархан Сатыбалды сәулет, туризм, мәдениет саласына жауапты басшылар мен осы жобаға өз ұсыныстарын енгізген компания өкілдерімен кеңес өткізді. Жиында Күлтөбе қалашығы маңынан заманауи туристік нысандар салу, Қаңлы дәуірінен сыр шертетін ескерткіштер мен жәдігерлерді жұртшылық назарына ұсыну мәселесі талқыланды.
Дархан Сатыбалды бұл туристік нысан жалпы саяхатшылар үшін де, балалар үшін де тартымды әрі мағыналы болуы керектігін ескертті. Тарихшылармен, археологтармен ақылдаса отырып жұмыс жүргізуді тапсырды.
Жобаның жалғасы ретінде келушілерге заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысан салынады. 3D форматының жетістіктері қолданылады. Нысан түнде жарқырап, ою-өрнектермен безендіріледі деп күтілуде. Қаңлы дәуірі, Ахмет Ясауи заманы, Қазақ хандығы кезеңі және өзге де тарихи жүзжылдықтарға қатысты деректер түрлі тәсілде ұсынылып, саяхатшыларға қазақ тарихы таныстырылмақ.
Болашақта археологиялық парктің қонақтары үшін сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасау мүмкіндігі туады. Осы маңнан табылған археологиялық жәдігерлер туралы да мағлұмат беріліп, қазақ мәдениетінен, қолөнерінен сыр шертетін дүниелер жұртшылық назарына ұсынылады деп күтіліп отыр. Жобаны зерделеу, толықтыру жұмысы жалғасады.
Атап өту керек, елімізде туризм индустриясы – экономиканың қарқынды дамып келе жатқан алдыңғы қатардағы салалардың бірі. Бұл тұрғыда Түркістан облысының құрылғанынан бастап туризм саласын дамыту сатысында да ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған орай бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов облыстың туризм саласын дамыту бойынша жиналыс өткізді.
Басқосуда бірқатар мәселелер айтылып, ұсыныстар тыңдалды. Қонақ үй бойынша қызмет сапасын дамыту, туроператор қызметін жетілдіру, гид, экскурсовод бағытындағы жұмыстардың сапасын арттыру, транспорт мәселесін реттеу жұмыстары талқыланды.
— Қызмет көрсету саласындағы прогресс жаңа орталықтардың құрылысына, кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге және қызмет көрсету мәдениетін көтеруге бағытталған жобаларға байланысты оң нәтиже беруде. Осы орайда, туризмді одан әрі дамыту, Түркістан облысына туристер ағынын арттыру жөнінде ұсыныстар өте маңызды. Халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізу арқылы қонақүй қызметтерін жақсарту керек. Сондай-ақ, әкімдік тарапынан қолдау көрсетуге, гранттар қарастыруға дайынбыз, — деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.
Сонымен қатар бұл кездесу нақты ұсыныстар әзірлеу бойынша тиімді алаң болатындығына және Түркістан облысының туристік саласын дамытуға жаңа серпін береді деген сенім білдірді. Өңірдегі туристік қызмет саласындағы өзекті мәселелер нақтыланып, мүдделі органдарға тапсырылды.
Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай. Облыс аумағында 1780 тарихи және мәдени ескерткіші орналасқан. Оның ішінде 1 халықаралық маңызы бар нысан – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, 40 республикалық маңызы бар ескерткіш, 403 жергілікті маңызы бар ескерткіш және 1336 алдын ала тізімдегі нысан бар.
Облыс орталығында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – тарихи маңыздылығына орай ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілген халықаралық маңызы бар бірегей сәулет туындысы.
Биыл 9 айдың қорытындысына орай тарихи орындарға 733,7 мың адам келген. Атап айтқанда, «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына келушілер саны 535,2 мыңды құраса, «Отырар» қорық-музейін 201,5 мың азамат тамашалаған.
Айта кетейік, Түркістан облысындағы туризм саласын дамыту бағытында Жол картасы әзірленді. Жол картасында туристік нысандардағы инфрақұрылымды жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру, маркетинг жұмыстарын күшейту, аудан, қала әкімдіктерінің жұмысын жандандыру қарастырылған.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.