«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ арасындағы елді мекендердің тұрғындарына қызмет ету мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, осыған орай жинақтаушы зейнетақымен қамсыздыздандыру сұрақтары бойынша азаматтарды «Ашық есік күні» аясында қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қазығұрт аудандық «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» ҚКО басшысы Хусайнов Хайдар Мақсұтұлы және де «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының ,Түркістан облысы бойынша филиалының Қазығұрт аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Телікбаев Мұхтар Бақытжанұлы ауыл тұрғындарының сұрақтарына онлайн-офлайн форматта жауап берді.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері қалай жүзеге асады? Елімізде әйелдер зейнет жасының ұлғаюына байланысты зейнетке шығу қалай жүзеге асырылып жатыр? Әйелдер қандай жағдайда зейнетке ерте шыға алады? Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем қалай және қандай мөлшерде тағайындалады? Ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша? деген сынды сұрақтар қойылды.
Қойылған сұрақтарға заң аясында кеңестер берілді. Қабылдауда болған ауыл тұрғындары алғыс білдіріп, жоғарыда аталған бөлім басшыларына алғыстарын білдірді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат