Қаратау ауданы: Мобильдік топ тарапынан күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізілуде

Шымкент қаласы, Қаратау ауданында карантин талаптарын бұзған 59 нысанға әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпарттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.


Қаратау ауданы аумағында еліміздегі эпидахуалға байланысты карантиндік шараларды сақтау мақсатында мобильдік топ тарапынан күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізіп тұру дағдыға айналған.

Айта кету керек, аудан аумағында 1500-ге жуық кəсіпкерлік нысан бар. Мобильдік топтың аталған нысандарды кезекті аралау барысында Шымкент қаласы Бас санитарынық қауылысында белгіленген уақыттан тыс жұмыс атқарып жатқан 10 азық-түлік дүкендері анықталып, нысан иелерінен түсініктеме алынды. Әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қазіргі таңда аудан аумағында 20 сәуірден бүгінге дейін карантин талаптарын бұзған 71 кәсіпкерлік нысан анықталды. Оның ішінде 59 нысанға әкімшілік хаттама толтырылып, 4 нысанның жұмысын тоқтату бойынша сотқа өткізілген.

Жалпы, карантин талаптарды қадағалау мақсатында құрылған ауданның 6 мобильдік тобының жұмысы аудан əкімі аппаратының тұрақты бақылауында.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. always i used to read smaller content which also
    clear their motive, and that is also happening with this piece of writing which I am reading at this time.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.