Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 12 қазан күні сағат 16:00-де «Фараб» кітапханасының концерт залында өтетін белгілі ақын, Халықаралық С.Есенин атындағы сыйлықтың лауреаты, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Исаның 60 жылдық мерейтойына арналған «Сырымды айттым далаға» шығармашылық кешіне шақырамыз!

Сондай-ақ шара барысында Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен жарық көріп отырған «Текті сөздің төресі» термелер жинағының тұсаукесер рәсімі өтеді. Бұл жинаққа Түркістан өңірінен шыққан ақындардың сөзіне мақам шығарып, ел ішінде орындап жүрген жыршы-термешілердің нотаға түсірілген мақам саздары енгізілген. Кітаптың ерекшелігі – интерактивті заманауи ІТ-технологияларға сүйенген медиаконтентпен сүйемелденеді. Жинаққа енгізілген термелерді QR-код арқылы тыңдауға болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.