Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңес құрамы қайта сайланады

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 10.06.2022 жылғы №25/04-25/2665 хаты және Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің 15.06.2022 жылғы №73 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесі құрамын қайта сайлау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі, өзіне қарасты білім беру ұйымдарына «Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы №27 шілдедегі №355 бұйрығының 2-тарауы 5, 6, 7-тармақтарына және Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 10.06.2022 жылғы №25/04-25/2665 хатына сәйкес интернет немесе әлеуметтік желілерге және де баспасөз басылымында ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруы жарияланған күнен кейін он жұмыс күн ішінде кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімдері қабылданады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса)

(Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, Т.Сүлейменов көшесі №32 үй, тел: 8-702 666-9181)

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.