Қазақстан әскерлерінің киім формасы өзгереді

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери киім кию ережесіне өзгертулер әзірледі. Ведомство басшысының бұйрық жобасы талқылауға шығарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бұйрық жобасын қабылдау құқықтық нормаларға сәйкес келтіруге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Әскери киім нысаны мен айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерін кию ережелерінің кейбір қағидаларын нақтылауға мүмкіндік береді», — делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ведмоствоның атап өтуінше, жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық және өзге де салдарға әкеп соқтырмайды, қосымша қаржы қаражаты талап етілмейді.

Бұйрықтың толық мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында танысуға болады. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14041366 Құжат 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін жария талқылауға шығарылған.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.