Үкімет экономиканың нақты секторын ауқымды қаржыландыруға кірісіп жатыр

Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және экономикаға инвестициялар тарту туралы тапсырмасы бойынша Үкімет қаржылық даму институттары арқылы ШОБ өңдеу өнеркәсібі және ірі бизнес саласындағы инвестициялық жобаларды, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін және құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, жүк тасымалдау, негізгі жобаларды, ШОБ дамыту үшін экоорта қалыптастыратын инфрақұрылымдық және кластерлік жобаларды қолдаудың ауқымды науқанын бастайды.

2025 жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ кәсіпкерлікті қолдауға, тұрғын үй құрылысын дамытуға және 2027 жылға қарай қаржыландыру көлемін одан әрі 10 трлн теңгеге дейін арттыра отырып, негізгі ұлттық және инвестициялық жобаларды іске асыруға 8 трлн теңге бағыттайды. Ауқымды қаржыландыру шеңберінде бизнесті, экспорттық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған қолдаудың жаңа тетіктері іске қосылады, қаржыландыру және әлеуметтік бастамалар құралдары кеңейтіледі. Олардың ішінде:

ШОБ пен ірі бизнесті қолдау үшін екі кепілдік қоры құрылады.

ШОБ-ты қолдау үшін 2025 жылы «Даму» кепілдік қоры құрылады. Бұл үшін «Даму» функциялары жаңа міндеттермен толықтырылады, кепілдік беру құралы бойынша өнім желісі кеңейтіледі, ұсынылатын кепілдіктердің мөлшері ұлғайтылады, кепілдендіруге жататын экономика секторларының (ЭҚЖЖ) тізбесі кеңейтіледі. Жаңа өнімдерге кепілдіктерді қайтарымсыздық және шартсыздық қағидаттары бойынша шығару жоспарлануда. Кепілдік қорын құру мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені қосымша қаржыландыру көздерінен қаражат тарту есебінен азайтады, бизнес субъектілерін кепілдік беру түріндегі қолдау шарасымен қамтуды ұлғайтады және банктердің өтімділігін экономикалық айналымға тиімді тартуға мүмкіндік береді.

Кепілдік қорын іске қосу 2028 жылға қарай кепілдіктер портфелін 1 триллион теңгеге дейін арттыруға (2023 жылмен салыстырғанда +148%) және жыл сайын 50 мыңнан астам жобаны қолдауға мүмкіндік береді (2023 жылы кепілдік беру құралы арқылы 8 212 жобаға қолдау көрсетілді).

2025 жылы «Даму» қоры 1,7 триллион теңгені құрайтын ШОБ-тың кемінде 30 мың жобасына қолдау көрсетеді.

«Бәйтеректің» ірі бизнеске арналған кепілдік қоры ірі және стратегиялық маңызды жобаларды кепілмен қамтамасыз етудің жеткілікті болуы мәселесін шешеді.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin