Ұлбике Илесова — мемлекеттік бағдарламаның жемісін көрген қала жастарының бірі

Мемлекеттік бағдарламаның жемісін көрген қала жастарының бірі — Ұлбике Илесова.


Жиырма жастағы қала тұрғыны өткен жылы М. Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің «Заңгер» мамандығы бойынша білімін аяқтаған. Оқу бітірген соң, бірден жұмыс таба алмай, ол жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген-ді.
Ол осы жылдың наурыз айында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ–не жастар практикасы бағдарламасымен 6 ай мерзімге жолданды.
«Жастар практикасы мақсаты ең алдымен кәсіби тәжірибе жинау. Содан кейін, өзін көрсету арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу. Алдағы уақытта бойымдағы жауапкершілік пен іскерлігімнің арқасында тұрақты жұмысқа орналасуға жоспарым бар» -дейді жас маман.

«Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады. Аталған бағдарламаға тек бір рет қатысуға болады. Шымкентте жыл соңына дейін бұл бағыт бойынша 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. You actually make it appear so easy together with your presentation but I find this topic
    to be actually something which I feel I might by no means understand.
    It kind of feels too complicated and very extensive for me.
    I am taking a look forward on your subsequent put up, I’ll attempt to get the hold of it!
    Escape room lista

  2. Wonderful goods from you, man. I’ve take into
    account your stuff previous to and you are just extremely fantastic.
    I really like what you have obtained right here, certainly like what you’re saying and the best
    way during which you assert it. You are making it enjoyable and you continue to take care of to stay it sensible.

    I can’t wait to read far more from you. This is
    really a great site.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.