Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі облыс мерейін асқақтатты

Алматы облысының Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында үстел теннисі мен баскетболдан ұлттық спорт лигасының ақтық сайысы болып өтті.

Әр облыстың мықты құрамалары қатысқан тартысты бәсекеде Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің құрама тобы үстел теннисінен жүлделі екінші орынды жеңіп алып, облысымыздың мерейін асқақтатты. Жеңіс тұғырына көтерілген Мырзақұл Жарқынбек, Бегайдарұлы Наурызбай, Исмурзаева Дана, Нұржанқызы Аружан сынды спортшы-студенттерімізге (жетекшісі М. Қожабеков) алғысымызды білдіре отырып, алдағы уақытта бұдан да биік нәтижеге жете беруіне тілектестік білдіреміз.

Ad Widget

Recommended For You