Әкімдікте ТМД елдерінің мәдени астанасы іс-шараларына дайындық барысы пысықталды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен  ТМД елдерінің мәдени астанасы іс-шараларын өткізу және дайындық жұмыстары бойынша мәжіліс болып өтті.
Мәдени астана мәртебесін жоғары деңгейде атап өту үшін қала әкімдігімен негізгі 6 бағытты қамтитын тапсырма- жоспар бекітіліп, бүгінде олармен тиісті жұмыстар басталып кетті.
Мәдени астана жылы ТМД елдері мен ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетінін айтқан қала басшысы осы арқылы қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін әлемге танытуға мүмкіндік мол екенін айтып, іс-шараны жоғары деңгейде өткізу бойынша жауапты сала жетекшілеріне нақты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 588 Comments