Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдау өткізді. Қабылдауға 100-ден аса азамат жазылып, өтініштерін білдірді. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері жөніндегі талап-тілектерін жеткізді.
«Аманат» партиясының қалалық филиалы ғимаратында өткен біріңғай қабылдауда қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары және қаланың бас прокуроры Ғ.Мұқанов, Полиция департаментінің басшысы Қ.Дәлбеков және «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Ж.Бектаева да тұрғындардың жеке мәселесін тыңдады.
Тұрғындардың басым бөлігі жеке мәселесімен келген. 17 азамат баспанамен қамтуды, 15 тұрғын жер телімін үлестіру мен жерді заңдастыру, 10 тұрғын әлеуметтік көмек көрсетуді сұрап келген. Одан бөлек, қоғамдық мәселені арқалап келген 15 азамат жол құрылысының сапасы, мектеп пен емхана құрылысы, бағдаршам орнату, алея салу секілді ұсынысын жеткізді. Атап айтар болсақ, Абай ауданы Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабынан келген азамат елді мекенге мектеп пен балалар ойын алаңшасын салып беруді өтінді. Забадам шағынауданынан келген азаматша көпір салып беруді, жолға асфальт төсеу және жаяу жүргіншілер жолын салуды сұрады. Ал, Әл-Фараби ауданының тұрғыны үйінің алдына салынған заңсыз құрылысты айтып, әкімге құрылысқа рұқсат берген тиісті басқармалар үстінен шағымын жеткізді. Қаратау ауданының тұрғыны мал шаруашылығымен айналысатындықтан субсидия беруді сұрады.
Келгендердің қатарында, мектеп салу үшін арнайы жер бөлуге ықпал етуін сұраған кәсіпкерлер де болды. Сонымен қатар, тұрғындар жұмысқа орналасу, кәсіп бастауға қолдау көрсету, жерді мемлекет иелігіне қайтару, тегін дәрі-дәрмекпен қамту, мүгедектерге арналған инватаксимен мәселелерін де жеткізді.
Сонымен қатар, тұрғындар жұмысқа орналасу, кәсіп бастауға қолдау көрсету, мал шаруашылығы үшін субсидия, жерді мемлекет иелігіне қайтару, тегін дәрі-дәрмекпен қамту мәселелерін де жеткізді.
М.Әйтенов тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, жер учаскелерін заңдастыру бойынша туындаған барлық мәселелер заң талаптары аясында шешілетінін атап өтті.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
¿Cómo detectar a un cónyuge que engaña en un matrimonio? Estos son algunos ejemplos de parejas infieles.
Certains fichiers photo privés que vous supprimez sur votre téléphone, même s’ils sont définitivement supprimés, peuvent être récupérés par d’autres.
Hi there, I enjoy reading all of your post. I wanted to write a little comment to support you.