Әскери-патриоттық жарыс өтті

Түркістан облысында «Балалар жылы» және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына байланысты «TURAN-BALAFEST» онкүндігі аясында
«Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарыс өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы ««Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы» №724 қаулысының «Жастарды әскери–патриоттық тәрбиелеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру: жасөспірімдер мен жастарды беделді жаттықтырушылармен әскери–патриоттық тәрбиелеу бойынша мастер–кластар, пікірталас алаңдарын өткізу және тағы басқалар» туралы 7-ші іс-шарасын және Қазақстан Республикасындағы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмысты жетілдіру мәселесі бойынша кеңейтілген отырыстың 2021 жылғы 8 сәуірдегі №1 хаттамасымен бекітілген «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру елдегі жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отанын қорғауға деген отансүйгіштік сезім мен ер-азаматқа тән қасиеттерді қалыптастыру мақсатында 2022 жылғы 22-24 мамыр күндері санитарлық талаптарды сақтай отырып, Түркістан облысы, Сайрам ауданы «Ақсу» жазғы сауықтыру лагерінің базасында жасөспірімдер мен жастарды беделді жаттықтырушылармен әскери–патриоттық бағытта тәрбиелеу бойынша «Айбын-2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жастар жиыны өнірдің 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.
Сайысқа Түркістан облысының барлық аудан, қалаларынан жалпы саны 340 оқушы қатысты.
Жастар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағы мен газқағарды уақытқа кию, әскерилендірілген эстафета және АК-74 автоматын толық емес шашу мен жинақтау сынды нормативтерді орындады. Сонымен бірге олар интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін де әділқазылар алдында сынға салды.
Аталған іс-шара жеңімпаздарына ағымдағы жылдың 20-25 маусым күндері Қарағанды облысындағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің «Спасск» оқу орталығында өтетін «Айбын-2022» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына жолдама берілді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Afin de dissiper complètement vos doutes, vous pouvez savoir si votre mari vous trompe dans la vraie vie de plusieurs manières et évaluer les preuves spécifiques dont vous disposez avant de soupçonner que l’autre personne vous trompe.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.