Өмірзақ Шөкеев заңсыз жер қойнауын пайдаланушылармен күресті күшейтуді тапсырды

Келес, Сайрам, Ақсу, Арыс және Бадам өзендері бойынан заңсыз жер қойнауын пайдаланушылардың салдарынан өзен арналары жыл сайын төмендеуде.


Бұл өз кезегінде өзен үстінен өтетін облыстық маңызы бар жолдардың және ондағы көпірлердің мерзімінен бұрын апатты жағдайға жетуіне әсер етіп отыр. Маңызды мәселе жайлы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрғалығымен өткен аппарат отырысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов баяндады.

«Көпірлердің темір-бетонды жағалаулары, су бәсеңдеткіштері опырылып құлап, бетонды қадалары ашылып қалуда. Аталған жағдай, адам өміріне қауіп тудырумен қатар, мемлекет қаржысының артық жұмсалуына алып келуде. Қазіргі таңда, жоғарыда аталған өзен арналарының төмендеуі салдарынан бірқатар облыстық маңызы бар жолдардағы көпірлер жөндеуді қажет етіп отыр», – деді басқарма басшысы.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәселені түбегейлі шешуді тиісті орган басшыларына тапсырды. Заңсыз жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін заңдастыруды немесе тоқтатуды қолға алумен арнайы құрылатын комиссия айналысатын болады.

Түркістан облысында жыл соңына дейін жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 79 %-дан 81,4%-ға арттыру көзделуде. Бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 90%-ға арттыру жоспарланған. Биыл автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген қаражаттың басым бөлігі жергілікті маңызы бар жолдарға бағытталады. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 300-ден астам нысан, не 1200 шақырымға жуық жолдар мен көшелер қамтылған. Жыл соңына дейін 700 шқ. жол пайданалуға беріледі.

Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандары аумағында ұзындығы 478 шқ. жолдар күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде. Одан бөлек, осы аудандарда облыс әкімінің тапсырмасымен жалпы ұзындығы 180 шқ. асатын 11 облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өткізілуде. Бұл жолдарды қыркүйек айында толықтай пайдалануға беру жоспарлануда. Жолдар Қазығұрт, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек аудандары мен Арыс қаласында да жүргізіліп жатыр.

Биыл Түркістан-Балтакөл, Кентау-Ащысай, Шымкент-Қарамұрт, Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шарапхана-Жаңабазар бағыттарындағы жолдарды пайдалануға беру және Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

  1. Thanks for the suggestions about credit repair on all of this blog. Things i would advice people should be to give up the mentality they can buy now and pay out later. As being a society we all tend to repeat this for many issues. This includes getaways, furniture, and items we really want to have. However, you must separate the wants out of the needs. When you’re working to improve your credit score make some sacrifices. For example you can shop online to economize or you can look at second hand retailers instead of pricey department stores pertaining to clothing.

  2. Hey there! Do you know if they make any plugins to help with Search Engine Optimization? I’m trying to get my website to rank
    for some targeted keywords but I’m not seeing very good success.

    If you know of any please share. Appreciate it! I saw similar art here:
    Best escape rooms

  3. I’ve been browsing online more than three hours as of late, but I by no means discovered any interesting article like yours. It is pretty value enough for me. In my view, if all site owners and bloggers made good content material as you probably did, the net can be much more helpful than ever before!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.