Түркістан: Өңірдегі мемлекеттік колледж директорларымен келелі жиын өтті

Түркістан облысы адами әлеуметті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы өңірдегі мемлекеттік колледж директорларымен келелі жиын өткізді. Кездесу барысында техникалық және кәсіптік білім саласының өзекті мәселелері бойынша жүргізілген талдауларға тоқтала отырып, саланы дамытудың басым бағыттары колледждердің бизнеспен әріптестігін дамыту, білім сапасын жоғарылату үшін педагогтардың біліктілігі мен кәсіби дағдысын жоғарылату жолдары, кішігірім кәсіпорындар құру арқылы қосымша табыс табу, колледждердің ұйымдық-құқықтық нысанын ауыстыру, өңірдің еңбек нарығына сәйкес жаңа мамандықтарды ашу, колледждерді бейіндендіру мәселелерін орындау туралы тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, «Жас маман» жобасының тиімділігін дәлелдеу үшін жобаны іске асыратын 9 колледж базасында құзыреттіліктер бойынша ресурстық орталықтар құру ұсынылды. Кездесу соңында колледж директорларының ұсыныстары тыңдалып, шешу жолдары қарастырылды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.