Түркістандағы іргелі оқу орны өткен аптаның маңызды оқиғаларына шолу жасады

Ең алдымен, университетімізге келген құрметті қонақтардан бастайық:
Университетімізге Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілдері Эльвира Әзімова мен Шереф Малкоч бастаған делегация арнайы келіп, оқу орнымыздың тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл туралы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Стамбулдағы Арел университетінің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Өзгүр Гөзүқара бастаған делегациясы да университетімізге арнайы ат басын бұрды. Олар ректор Жанар Темірбекова және ректор өкілі Женгиз Томармен кездесіп, Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Сондай-ақ, оқу орнымызға Мармара университетінің ұжымы да келді. Университет проректорлары Мұстафа Челен мен Хасан Қорқыт бастаған қонақтар және халықаралық университетіміздің басшылығы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Өткен аптаның ең маңызды оқиғаларының бірі — Оқытушы-профессорлар құрамын аттестаттау комиссиясы жұмысының басталуы болды.
Спорттағы жетістіктерімізге тоқталсақ, боксшы шәкірттеріміз Мақсұт Қуандық пен Жолдасбаев Арсылан халықаралық жарыстарда күміс алқаны иеленді.
Ректор Жанар Темірбекова Түркістан облысындағы педагог мамандарды жұмыспен қамту мәселесі туралы арнайы брифингке қатысты.
Ботаникалық бағымызда өсірілген жеміс ағаштары пісіп, оларды жинау науқаны басталды. Демалыс күндері университет ұжымы мен студенттер асарлатып, өріктерді жинауға көмектесті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.