Арыс: Отбасы институтын нығайту жайы айтылды

Арыс қаласында жергілікті азаматтық қоғамдастық өкілдері мен жергілікті кәсіпкер әйелдер қауымдастығының мүшелерімен кездесуде Парламент Мәжілісінің депутаты – ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ләззәт Рамазанова қазіргі қоғамға отбасы институтын нығайту үшін арнайы заң қажет екендігі туралы айтты.


«Бүгінгі таңда бізге ұлттық бояуы қанық заң керек. Отбасылық құндылықтарды дәріптей отырып, зорлық-зомбылықтың алдын алуда заң атауына да өте ұқыпты қарағанымыз жөн. Өйткені, қазақ үш қағиданы қатаң ұстанады: ұят, обал және сауап. Міне, осы үш сөздің астарында ұлттық құндылығымыз бен болмысымыз жатыр. Сондықтан бізде зорлық-зомбылыққа қарсы заң емес, «Отбасы институтын нығайту заңы» керек», – деді Рамазанова.

Депутаттың айтуынша, жақын күндері еліміздің 214 ауданы мен елді-мекенінде зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы орталықтар ашылады. Ол жерде тұрмыс тауқыметін тартқан әйелдер мен қолдау, демеуге зәру жандарға жан-жақты көмек көрсетіледі.

«Айрықша атап өткім келетіні, біз осындай орталықтарды ашу керекпіз деп жүрсек, Арыс қаласында мұның бәрі іске қосылып үлгерген екен. «Ардагерлер орталығы» мен «Тең қоғам» әлеуметтік орталығы және «Әлеуметтік дүкен» облыс емес, республикаға үлгі боларлық жоба. Оған қоса, жергілікті ардагерлер арасынан төбе би сайлау арқылы, ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық кикілжіңдерді тиімді шешуге ақсақалдардың атсалысуы зорлық-зомбылықтың алдын алудағы ауқымды істердің бірі болып табылады», – деді депутат.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 176502 341130Youre so cool! I dont suppose Ive learn something like this before. So very good to search out any person with some unique thoughts on this topic. realy thanks for starting this up. this site is one thing thats wanted on the net, somebody with a bit originality. valuable job for bringing 1 thing new towards the internet! 34748

Добавить комментарий для James Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.