Арыс қаласында мұқтаж жандарға арналған әлеуметтік дүкен жұмыс істей бастады

Арыс қаласында мұқтаж жандарға тегін азық тарататын әлеуметтік дүкен ашылды.


Жағдайы төмен отбасылар мен көмекке зәру тұрғындарға арналған дүкенде азық-түлік пен киім-кешектен бастап тұрмыстық техника сынды көптеген заттар тегін таратылады.

Қала тарихында алғаш рет ашылған «Әлеуметтік дүкен» сөз бен мейірімге мұқтаж жандардың қажеттілігін өтеуге себепкер болмақ. Сауда орнының ашылу рәсіміне қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

«Қаламызда алғаш рет іске қосылған бұл дүкен «Қолғабыс» қоғамдық қорының бастамасымен ашылып отыр. Мұнда киім-кешектен бастап, аяқ киім, ойыншық, балаларға арналған арба, ыдыс-аяқ, тұрмыстық техникамен қоса азық-түлік өнімдеріне дейін бар. Жаны жомарт азаматтар табыстаған тұрмысқа қажетті заттарды дүкен қызметкерлері мұқтаж отбасыларға тегін беретін болады», – дейді Гүлжан Құрманбекова.

Ал «Қолғабыс» қоғамдық қорының жетекшісі Сырлыбек Мұсабековтің айтуынша, дүкен есігі көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға және жалғызбасты аналар үшін әрдайым ашық. Айта кетейік, қала кәсіпкерлері мен қоғам белсенділері атсалысқан игі жоба аясында 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. 67922 152433View the following suggestions less than and discover to know how to observe this situation whilst you project your home business today. Earn cash from home 509485

  2. 867418 626112I like what you guys are up too. Such smart function and reporting! Carry on the superb works guys I?ve incorporated you guys to my blogroll. I feel it will improve the value of my internet internet site 342934

Добавить комментарий для pgslot168 Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.