ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауына қатысты осылай пікір білдірді.
— Кез келген елдің өркендеуіне тұсау болып, әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер ететін бірден-бір фактор – сыбайлас жемқорлық. Сондықтан да аталған қоғам індетін жеңіп, Ата Заң аясында бейбіт өмір сүру мақсатында жүргізіліп жатқан күрес тоқтаған емес және жемқорлықтың түбіне жеткенше тоқтамайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында халықтың өміріне әсер ететін барлық салаларға тоқталып, мәселелерді шешу және дағдыны дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде біз сөз етіп отырған сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі төңірегінде қолға алынатын жаңа бастамалар да бар.
Жолдауда айтылған «Қоғамдық бақылау туралы» Заңының қабылдануы азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарды сыбайлас жемқорлық пен бюрократияға қарсы жүйелі түрде әрекет етуге барынша кең ауқымда тартуға нақты серпін береді. Осы ретте Агенттіктің «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ететін негізгі қарудың бірі болмақ. Аталған карта мемлекет бюджетінен бөлінетін қаражатты әрбір азаматтың көріп, бақылауына және тиімді игерілуі бойынша пікір мен шағымын ашық білдіруіне толық мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді. Бүгінде өңіріміз бойынша бұл картаға 877 ұйымның қаражаты орналастырылып, 460 млрд. теңге қалыптастырылған.
Жолдау аясында айтылған тағы бір маңызды жайт – мемлекеттік қызметкердің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олардың қызметтен босатылатыны,-деді ол.
«ANYQ.KZ»—ақпарат
My partner and I stumbled over here different page and thought I should
check things out. I like what I see so now i am following you.
Look forward to exploring your web page yet again.