
Түркістан: Түлкібастық түлектер ауылға стела орнатты.
Мектепті әр жылдары бітірген азаматтар туған ауылын көркейтуге ден қойған. Түркістан облысы Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылдық округіне қарасты С.Сейфулин мектебінің 20 жыл бұрын бітірген түлектері «Jaskeşu auyly» деп жазылған стеланың орнатуына мұрындық болды.
Кезінде ауылдағы мектепті бітірген түлектер қазір әр салада еңбек етіп жүр. Туған ауылдарын, білім алған мектептерін ұмытпай, қолдау көрсетуде. Олар туып-өскен ауылдарына биіктігі 6 метр, ені 7 метр ауыл атауы жазылған стела тарту етті. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойында, елді мекен кіре-берісінде орналасқан жаңа нысанның жалпы аумағы 84 шаршы метрді құрайды. Толығымен қоршалып, абаттандырылған.
Құрылыс жұмыстарына 3,5 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Нысанның салтанатты ашылуына қатысқан жергілікті билік өкілдері мен ауыл ақсақалдары және зиялы қауым өкілдері кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай игі іске мұрындық болған түлектерге алғыс білдірді. Береке мен бірлігі жарасып, татулық пен жомарттық көрсеткен мектеп түлектеріне ауылдастары дән риза. Алдағы уақытта түлектер өздері орнатқан стела маңындағы 1 гектар жерге саябақ салып беруді жоспарлауда.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
943514 248521I dugg some of you post as I thought they were really useful handy 536366
591299 208694You produced some decent points there. I looked on-line for any dilemma and discovered most individuals will go in conjunction with with your site. 506302
901436 814424Yeah bookmaking this wasnt a high risk determination outstanding post! . 411098
988544 888666This is an exceptional write-up and I entirely realize exactly where your coming from within the third section. Perfect read, Ill regularly follow the other reads. 815700
229307 760300I was just searching for this info for a while. After six hours of continuous Googleing, at last I got it in your web site. 332461