
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы орталығында қоғамдық көліктерге рейд жүргізілді. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Карантиндік талаптарға сәйкес, аудан әкімі Ержігіт Шәріпбековтің мобилді топтарға берген тапсырмасына байланысты аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, аудандық кәсіпкерлік бөлімдері мен аудандық кірістер басқармасы, аудандық полиция және Шаян ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері бүгін аудан орталығындағы жеке қоғамдық көліктерге рейдтік шара ұйымдастырды.
Бірлескен рейд барысындағы қоғамдық көлік иелеріне карантиндік талаптарды сақтау мен бағаны тұрақтандыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Заңсыз тасымалдаумен айналысып жүрген қоғамдық көлік иелеріне тиісті құжаттарын рәсімдеу үшін ескерту берілді. Мерзімінде құжаттарын рәсімдемеген көлік иелеріне бір аптаның көлемінде айыппұл салынатыны ескертілді.
Айта кету керек, аталмыш рейдтік шара тұрақты түрде жүргізілетін болады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, рейдтік шара қоғамға өз пайдасын беретіні анық деп күтілуде.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
131008 258418You may find two to three new levels inside L . a . Weight loss and any one someone is extremely crucial. Initial stage might be real melting away rrn the body. shed weight 944634