Кентау: Жыл аяғына дейін барлық көп қабатты тұрғын үйлерді жаңа су құбырына қосу жоспарлануда

Кентау қаласының әкімі Даурен Махажановтың төрағалығымен кезекті ақпараттық жиналыс өтті.


Күн тәртібінде төрт саланың жұмыс барысы қаралды. Бірінші болып қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Алия Андабасова қаладағы індеттің таралуымен және онымен күресу жолындағы шаралар барысын баяндады. Бүгінгі таңда қалада вирус жұқтырушылардың саны күрт өсіп жатқаны, оның ішінде жас балдардың бары мәлім болды. Қала әкімі қаладағы рейдтік жұмысты күшейтіп, екпе ектіру шарасын демалыссыз жүргізу керектігін тапсырды.

Екінші болып қалалық транспорт және автожолдар бөлімінің басшысы Орынбай Даулетшиев қаладағы жол құрылысы бойынша баян етті. Даурен Сабитұлы әрбір атқарылған құрылыстың жіберілген кемшіліктері ретке келтіру керектігін тапсырды. Келесі жиында нақты дәлелмен баяндалу қажет деді.

«Ащысай су» МКК басшысы Асхат Абдрасилов 2021 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Қазіргі таңда 226 көп қабатты тұрғын үй жаңа су құбырына қосылды. Қалған қосылмаған 102 көп қабатты тұрғын үй. Жыл аяғына дейін барлық көп қабатты тұрғын үйлерді жаңа су құбырына қосу жоспарлынып отыр.

Сонымен қатар, жеке сектор аумағындағы 52, 61, 66, 68, 74, 67, 69, Шұғыла, Жұлдыз, Болашақ, Бала Бүргем, Бүргем, Шанхай мөлтек ауданы, АТЦ аумағындағы, Стахановский көшесінің жеке тұрғын үйлер жаңа су құбырына қосылған. Жеке сектор аумағындағы үйлердің 70-85 % жаңа су құбырына қосылған.

Төртінші болып қалалық ТҮКШ және ТҮ инспекциясының басшысы Әлібек Бабаев Кентау қаласының коммуналдық қызмет төлемдерін біріңғай төлем жүйесі арқылы жүргізу бойынша атқарылған жұмыстар баяндап өтті. Қала әкімі барлық коммунаодық төлем жүйелері біріңғай төлем жүйесіне өту керектігін сала басшысына қатаң тапсырды. Жұмысты созбалақтамай, қысқа мерзімде іске асыру қажет деді.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Даурен Махажанов ауыл әкімдеріне ауылда пандемияға байланысты шараларды күшейтіп, індеттің өршіп кетпеуін, алдын алу керектігін тапсырды. Екпе ектіру — індеттен сақтанудың бірден — бір жолы екенін атап, оны халық арасында түсіндіру жұмысын күшейтуді эпидемиологиялық жағдайға байланысты құрылған мониторинг топтың төрағасына тапсырды. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

  1. I am really inspired with your writing abilities as neatly as with the structure for your blog. Is that this a paid subject matter or did you modify it yourself? Either way stay up the nice quality writing, it’s rare to peer a nice weblog like this one nowadays!

  2. 141726 977221Hi. Cool article. Theres an concern along with your internet site in firefox, and you might want to check this The browser could be the market chief and a excellent section of men and women will pass over your great writing because of this problem. 349244

Добавить комментарий для cbfyjuwtrj Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.