Кентау: “Ashyq” пилоттық жобасының лидері анықталды

Кентау қаласының әкімі Д.Махажановтың тапсырмасына сәйкес коронавирус індетіне қарсы қалада төрт мобильді топ құрылып, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жұмыстар атқаруда.


Қазіргі таңда елімізде “Ashyq” мобильді жүйесі енгізілген болатын. Жүйеге Кентау қаласыныңда бірқатар нысаны енгізіліп, сол жүйе арқылы жұмыстар атқарылуда.

Бүгінде қала кәсіпкерлерінің арасында “Ashyq” жобасының лидерлері анықталуда. Ол Кентау қаласындағы «Қазақстан» кафесі.

Соңғы екі аптада қосымша арқылы келушілердің ең көп санын тіркеген түркістандық 24 нысан «Ashyq көшбасшысы» мәртебесіне ие болды. Бұл нысандар ҚР Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысында жазылған қосымша жеңілдіктерге ие болады.

«Ashyq» көшбасшысы» мәртебесін алған жобаға қатысушыға мынадай жеңілдіктер беріледі:

— «қызыл» аймақтағы жобаға қатысушылар «сары» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;

— «сары» аймақтағы жобаға қатысушылар «жасыл» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;

— «жасыл» аймақтағы жобаға қатысушыларға жұмыс режимі 2 сағатқа қосымша ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10%-ға арттырылады.

Бүгінде Түркістан облысы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті.

Қалада бетперде тағып, халық көп шоғырланатын орынға бармай, карантин талаптарын сақтайық. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.