Көне Түркістандағы қазба жұмыстары кезінде ғалымдар бірегей Шығыс базарын тапты

Бұл туралы Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының баспасөз қызметі мәлім етті.


Ғалымдар ежелгі базардың көне қалада бірнеше ғасыр бойы жұмыс істеп тұрғанын айтады.

«XVII-XIX ғасырлардағы Түркістан тарихымен байланысты жазба және картографиялық дереккөздерде бірнеше ғасыр бойы қаланың әлеуметтік, саяси, қаржы-экономикалық және тіпті мәдени өмірінің орталығы болған үлкен Түркістан базары туралы айтылады. Жақында біздің ғалымдар осы атақты Түркістан базарын тапты. Археологиялық материалдың бірегейлігі — Қазақстанда алғаш рет ортағасырлық Шығыс базары үлкен ауқымда, жақсы сақталған күйде, табылып отыр», — дейді Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры, философия докторы Андрей Хазбулатов.

Оның айтуынша, бұл археологиялық олжаның біздің елімізде баламасы жоқ. Сондықтан оны ғалымдар Ташкент пен Бұхарадағы базарлармен салыстырып зерттемекші.

«Бір қызығы, базарға жақын жерде қыш құйып, темір соғатын әртүрлі шеберханалар табылды. Сол шеберханаларда жасалаған бұйымдар іргедеге базарда сатылған болуы да мүмкін. Базар кешені Орта Азиядағы, Иран мен Таяу Шығыстағы ортағасырлық сәулет өнерін бойына бірге тоғыстырған» — деді ғалым.

Археологиялық нысан Шығыс, Орталық және Батыс қанаттардан тұрады. Археологтар әзірге ондағы оннан астам үй-жайды аршып, зерттеуге кірісіп кеткен.

«Үй-жайлардың құрылысы да ерекше. Бірі ірі тастардан қаланса, енді бірінің құрылысына күйдірілген кірпіштен жасалған айван бастырмасы қолданылған. Оңтүстік жағында кең алаң болғанға ұқсайды. Базардың Шығыс қанатына жеті бөлме кіреді. Базардың орталық бөлігінде оннан астам дүкен болған» — дейді Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ғылыми қызметкері, археологиялық экспедиция жетекшісі Айсұлу Ержігітова.

«Базар аумағынан табылған керамика фрагменттеріне, тұрмыстық заттар мен түрлі кезеңге жататын нумизматикалық жәдігерлерге қарағанда, XVIII-XIX ғасырларда базарда қайнаған тіршілік жалғасқан. Ал алғаш жұмыс істей бастаған кезеңі тым тереңде жатыр» — деп жазады институттың баспасөз қызметі.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.