Мұрат Әйтенов: Вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер тек дәрігер нұсқаулығымен ғана сатылуы керек

Мұрат Әйтенов  күніне 20 мың бетперде шығаратын «Bіzhon» ЖШС-ы мекемесіне барды.


Мұндағы бетперделер үш қабатты бір рет қолданылады. 2020 жылы жалпы сомасы 78 400 000 теңгені құрайтын 2 240 000 дана медициналық бір реттік бетперде өндірген.

Ал, «Экофарм» ЖШС мекемесінде көп реттік және бір реттік медициналық киімдер тігіледі. Өндіріс орны тәулігіне 2000 дана медициналық қорғаныс киімін тігуге қауқарлы. Өткен жылы сомасы 4 520 985 404 теңгеге 648 876 дана медициналық бұйымдарды шығарды. Оның ішінде обаға қарсы киімдер, көп рет қолданылатын дәке таңғыштар бар.

Аралау соңында қала әкімі «Айкөмек 109» орталығында қаладағы фарм компаниялардың және тиісті сала басшыларының қатысуымен онлайн көшпелі жиналыс өткізді. Онда фармацевтикалық мекеме өкілдерінің мәселелерін тыңдап, ортақ шешімдер қабылданды.

— Өткен жылғы қателікті қайта болдырмау үшін дәріханалар мен қала тұрғындарына барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек. Вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер тек дәрігер нұсқаулығымен ғана сатылуы керек. Пандемия ушыққан сәтте тұрғындар арасында дәрілерді көптеп сатып алып, үйінде сақтап, мерзімі мен сақталу шарттарын сақтамаған, өзін емдеймін деп керісінше әсер алған жайлар да орын алды. Үй жағдайында өзін емдеу, алыпсатарлық секілді мәселелер туындамауы тиіс. Коронавируспен ауырған науқастар ауруханаларда тегін ем қабылдайды. Заңсыздықтар орын алар болса басшылар қатаң жауапкершілікке тартылады. Барлығы өзімнің жіті бақылауымда болады, — деді қала басшысы.

Осы ретте тұрғындар назарына, егер де, алыпсатарлықтың немесе дәрі-дәрмекті шекті бағадан асырған жайттың куәгері болсаңыз дереу «109» байланыс нөміріне хабарласуын сұраймыз. 

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.