Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар жол нысандарының құрылыс барысын аралап көрді

Шымкентте Бәйдібек би – Арғынбеков қиылысында жолайрық салу жұмыстары пысықталды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар жол нысандарының құрылыс барысын аралап көрді.


Шаһар басшысы алдымен Бәйдібек би даңғылы мен Ұ.Арғынбеков көшесінің қиылысында салынатын жолайрықың жобасымен танысты.

Бәйдібек би – Арғынбеков қиылысында көлік жолайрығын салу құрылысының 1-ші кезеңіне жауапты мердігер мекеме – «Казахдорстрой» ЖШС. Құрылыс аумағының ұзындығы Бәйдібек би даңғылы бойынша — 700, Арғынбеков көшесі бойынша – 921 м.

Құрылыс 2020-2022 жылдар аралығына жоспарланған. Жалпы құны –11,4 млрд теңге. 2021 жылға қаралғаны – 200 млн теңге. Жалпы 61 жер телімін қайтару қажеттігі туындауда.

Негізгі жолды жабуға дейін биыл мамыр-қыркүйек айлары аралығында ағаштарды тамырымен жұлу, 3-4 съездердегі байланыс желілерін қайта жайластыру, Арғынбеков көшесіндегі 3-ші съездегі тіреу қабырғасын салу жұмыстарын жүргізу жоспарда.

Сонымен қатар, қазан-желтоқсан айлары аралығында Арғынбеков көшесінің бойындағы 3-ші съездің тіреу қабырғасын салу, туннель бойынша жер жұмыстарын жүргізу көзделуде. 

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

  1. 694048 211884Nicely picked details, several thanks towards the author. It is incomprehensive in my experience at present, however in common, the convenience and importance is mind-boggling. Regards and all of the finest .. 48283

  2. 158930 149618A person essentially lend a hand to make significantly articles I may possibly state. That is the quite first time I frequented your site page and up to now? I amazed with the research you produced to create this certain publish incredible. Fantastic activity! 344013

Добавить комментарий для กงล้อ888 Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.