«Наурыз Шымкентте басталады» мегажобасы: Мерекелік іс-шаралар онкүндігі ұйымдастырылады

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Наурыз — Шымкентте басталады» атты мерекелік іс-шаралар онкүндігі ұйымдастырылады.


Пандемия жағдайына байланысты барлық санитарлық талаптар қатаң сақталып өткізілмек.

Мерекенің бастауы 14 наурызда «Тәуелсіздік» саябағында іс-шаралар онкүндігінің ресми ашылуымен басталып, «Бастау» атты шеру мен мерекелік концертке ұласады.

Сіздерге 14 наурыз – Көрісу күніне орай өтетін іс-шаралар бағдарламасын ұсынамыз.

  1. 14 наурыз — «Тәуелсіздік» саябағында «Наурыз — Шымкентте басталады!» іс-шаралар онкүндігінің ресми ашылуы
  2. 14-23 наурыз аралығында — сағат 10.00-де SHYM ART FEST фестивалі
  3. 14 наурыз — сағат 11.00-де «Тәуелсіздік» саябағында «Бастау» шеруі және мерекелік концерт
  4. 14 наурыз — сағат 12.00-де Әл-Фараби алаңы, Ш.Қалдаяқов гүлзары, «Астана» алаңында би топтарының «Көрісу» флешмобы
  5. 14 наурыз — сағат 12.00-де Қабанбай батыр көшесіндегі аллеяда «OPEN AIR GALLERY іс-шарасы
  6. 14 наурыз — сағат 16.00 және 19.00-де «Түркістан сарайы» ғимаратында «Сенші маған, шын айтамын» Айқын Төлепбергеннің ән кеші
  7. 14 наурыз — сағат 18.00-де Ш.Қалдаяқов гүлзарында «Салем, Қазақ елі!» концерті
  8. 14 наурыз — сағат 19.00-де Шымкент қалалық опера және балет театрында Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» қойылымы.

Сондай-ақ «Түркістан сарайы» ғимаратында қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерттер және мерекенің мән-маңызын арттыратын түрлі іс-шаралар өтеді. Билеттерді «Түркістан сарайы» кассасынан алуға болады. Залдағы орындардың тек қана 30 пайызына билет сатылады. Іс-шаралар кестесіне тоқталсақ:

14 наурыз — Айқын Төлепберген

15 наурыз — “Жігіттер” квартеті

16 наурыз — Мәдина Садуақасова

17 наурыз — Роза Әлқожа

18 наурыз — Жанболат пен Жазира

19-20 наурыз — Наурыз айтыс

21 наурыз — “МузАрт” тобы

22 наурыз — “МузАрт” тобы

23 наурыз — Тамара Асар

24 наурыз – «Өнер Қырандары»

Толығырақ ақпарат алу үшін администратор: 8702-220-76-76 немесе тікелей кассаға +77252 275073, +7 (702) 401-63-80 нөміріне қоңырау шалыңыздар! 

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.