
Аудан әкімі Бағлан Батыршаев Қараспан ауыл округіне қарасты Батырата елді мекеніндегі су бөгетінің жұмысымен танысты.
«Биыл қар, жаңбыр суының жылдағыдан аз болуына байланысты, Арыс өзеніне салынған қойманың арнасы толмады. Салдарынан ауданымыздағы бірқатар ауылдарда егістікке қажетті су жетіспеушілігі байқалды.
Тұрғындарды толғандырған мәселе бойынша салаға жауапты мекемелермен келісе отырып, 4 текше метр суды Қараспан ауыл округінің арнасына жібердік», деді аудан әкімі Б.Батыршаев.
Сондай-ақ, Бағлан Дәнебекұлы Берген елді мекені аумағындағы Арыс өзенінің арнасын бұру жобасын тексеріп, шаруларға уақытылы су жеткізудің өзектілігіне тоқталды.
Сарыарық елді мекеніндегі жаңадан салынып жатқан ирригациялық су жүйесінің құрылыс алаңына барған аудан басшысы суды ағысын азайтпай, егістік алқапқа жеткізу үшін осындай жобалар қажет екенін айтты.
Бүгінде, Сарыарық елді мекеніндегі 24 шақырымды құрайтын арықтың 1,2 шақырымын бетондау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғанда, елді мекендегі 250 гектар егістік, 25 гектар үй іргелік жер ағынсумен қамтылатын болады.
ANYQ.KZ-ақпарат
848373 335601Only a smiling visitant here to share the enjoy (:, btw fantastic design and style . 395658
175449 806859woah i like yur site. It really helped me with the data i wus searching for. thank you, will save. 375174