Бүгін еліміз үшін маңызды саяси оқиға – ауыл әкімдерінің халықтық сайлауы басталды.
Таңғы сағат 07:00-де басталған науқанға Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылдық округінің тұрғындары белсенділік танытуда.
Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
7 сайлау учаскесіне келген тұрғындар карантин талаптарын сақтай отырып, өз таңдауларын жасауда.
Төрткүл, Қызылжар, Спатаев, Төрткүл төбе, М.Жұмабаев мектебі, Көкарал, Арыстанды сайлау учаскелеріне келіп, ауылдың әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсартуға бар күш-жігерін салатын кандидатқа дауыс беруде.
Ауданнан таңдап алынған Төрткүл ауылдық округінде сайлаушылар саны ең көбі Төрткүл орта мектебі (2160 сайлаушы) мен Көкарал (2000-ға жуық сайлаушы) сайлау учаскелері.
Аталған ауыл округ әкімдігіне жалпы 2 үміткер құжаттарын тапсырғын.
Сайлау бүгін таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 20:00 аралығында өтеді.
Ордабасы ауданы әкімдігі мамандары тұрғындарға сайлауда саяси белсенділік танытып, өз ауылының жаңа басшысын әділ сайлауға атсалысуға шақырды.
«ANYQ.KZ» — ақпарат