Сайрам ауданы: Жас кәсіпкер 90 шаршы метрлік бөлмесін кітапханаға айналдырды

Еліміз бойынша кейбір аймақтарда кітапханалардың қысқарып жатқаны жасырын емес. Мәселен жыл басында кітапханаларды жабу мәселесі көтеріліп жан жақты талқыланып әлеуметтік желілерде тіпті дауға айналды.


Ал Сайрам ауданында жағдай өзгеше, бір жылдың ішінде аудан басшымыздың Уласбек Садибеков Сәдібекұлының бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «АУЫЛ — ЕЛ ТІРЕГІ» жобасы аясында демеушілер есебінен үш жаңа кітапхана ашылды

Мысалы Қарасу ауылында жеке кәсіпкер Байсейіт Жамалбеков 40 шаршы метрлік бөлмесін сыйға тарттып онда кітапхана ашылды. Ал Қарабұлақ ауылында жеке кәсіпкер Р.Халжалилов 90 шаршы метрлік бөлмесін 5 жылдық келісімшартпен (Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесімен) ақысыз негізде жалға берді. Ол бөлмедеде кітапхана ашылды. Бұл бөлмедердің коммуналдық төлемдері және интернет ақысы тегін ұсынылады.

Ал бүгін Қарамұрт ауылдық округіндегі ашылған кітапхана жеке кәсіпкер Турсиметов Бахадыр Азимбайұлының сыйы. 82 шаршы метрлік бөлмесін жалға беріп оқырманға жағдай жасалған.

Мәдени ошақтың тұсау кесер рәсіміне аудан әкімі орынбасары Ансар Усербаев Жаңабайұлы, «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Абдикадиров Әбдрахманұлы бастаған ел ағалары қатысты.

Бүгінде ауданымызда 347 337 кітап қоры бар 21 кітапхана бар. Жаңа кітапхана жаңа оқырмандарымен толыссын деген тілек білдірілді. Әдебиет сүйер қауым үшін құт мекен болатын рухани орда болғай.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.