
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Асқар Бекболатұлының «Сайрам, Төлеби аудандары аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» №18 қаулысына сәйкес аудандағы коронавирус індетінің таралуын тежеу мақсатында атқарылып жатқан алдын алуы шараларына арналған баспасөз брифингі өтті.
Сайрам ауданы территория жағынан Шымкент қаласына іргелес орналасқан. Тұрғындар қарым-қатынасы тығыз байланыста болғандықтан шектеу шараларын қатаңдатуға тура келді.
«Ashyq» жобасын енгізбеген нысандардың жұмыс жасауына тыйым салынады. Тек алып кету және жеткізу қызметіне рұқсат беріледі.
«Ashyq» жобасымен жұмыс жасайтын мейрамхана, дәмхана, қоғамдық тамақтану объектілері, банкет залдары, бассейндер, сауда үйлері, сауда желілері, бильярд, компьютерлік клубтар, сұлулық салондар, шаштараздар жұмыс күндері кешкі сағат 20:00 ге дейін жұмыс жасайды.
Демалыс күндері (сенбі, жексенбі ) қызметтеріне тыйым салынады.
«Ashyq» жобасымен жұмыс жасайтын демалыс үйлері, туристік базалар және жағажайлар азық-түлік емес дүкендер, ашық, жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер, моншалар, ашық ауадағы аттракциондар, батуттардың сенбі, жексенбі күндері жұмысы тоқтатылды.
Міндетті түрде маскалық режим, адамдардың көп шоғырлануын болдырмау, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау керек екендігін еске саламыз.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
596688 741802Hi, you used to write superb articles, but the last several posts have been kinda lackluster I miss your super writing. Past few posts are just a bit out of track! 189768
340709 415811Quite intriguing subject , regards for putting up. 610996