Сарыағаш: Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында рейд жұмыстары үздіксіз жүргізілуде

Сарыағаш ауданы әкімдігі жанынан карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында құрылған арнайы мобильді топтар кезекті рейд жұмыстарын жүргізді.


Аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов бастаған мобильді топ кезекті тексеріс барысында Құркелес ауылдық округі, Ақ үй елді мекеніндегі «Нұр Шашу» және Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Думан» мейрамханаларында той- жиындар өткізіліп жатқанын анықтады. Мобильді топ мүшелерімен жиынға келген қонақтарға адамдар көп жиналатын орындарға бармаужәне той-жиындарға қатыспау қажеттігі ескертіліп, жиынға келгендер тарқатылды. Түркістан облысы Бас санитариялық дәрігерінің 23.07.2021 жылғы №17 қаулысының талаптарын бұзу фактілері бойынша тойхана иелеріне тиісті хаттамалар толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

«Құрметті аудан тұрғындары!Қазіргі таңда елімізде пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай барлығымызға белгілі. Жағдайдың тұрақталуы үшін індетпен бірлесіп күресуіміз қажет. Өзіміздің және жақындарымыздың амандығы үшін БАҚ құралдары, сала мамандары тарапынан беріліп жатқан ескертулерге құлақ асып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз»,-дейді әкімдік мамандары.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. I’m really inspired with your writing skills as smartly as with the layout for your weblog. Is that this a paid theme or did you modify it yourself? Anyway stay up the nice quality writing, it’s uncommon to see a great weblog like this one these days!

Добавить комментарий для Code of destiny Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.