
Шымкент қаласының кез-келген тұрғыны мемлекеттік мекемелерге бөлінген бюджеттің мақсатты жұмсалуын бақылап, шағымдары мен ұсыныстарын қалдыра алады.
Бұл туралы «Antikor.Live» жобасы аясында өткен тікелей эфир барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бастамасымен жасалған Ашық бюджеттердің интерактивті картасы (publicbudget.kz/ru) жобасы аясында мүмкін болып отыр.
«Интерактивті картаны пайдалану ұқсас объектілерге бөлінген қаражатпен танысуға және салыстыруға, олар бойынша пікірлер мен шағымдар қалдыруға, талдау жұмыстары арқылы бағаның жоғарылауын анықтауға мүмкіндік береді» — деді спикер.
Қазіргі таңда мегаполисте Картаға 877 ұйымның қаражаты орналастырылып, 460 млрд.теңге қалыптастырылған.
«Интерактивті карта 24 сағат бойы қолжетімді, егер қандай да бір сәйкессіздіктер байқалса, кез келген адам тиісті суреттер мен бейнематериалдарды тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлай алады» — дейді спикер. Эфир барысында Департаменттің аға офицері Алексей Колосков Картаға кіру мен бюджеттерді бақылау жолдарын түсіндіріп өтті.
«ANYQ.KZ»—ақпарат
292852 913158Greetings! Quick question thats completely off topic. Do you know how to make your internet site mobile friendly? My weblog looks weird when viewing from my iphone. Im trying to locate a template or plugin that may possibly be able to fix this dilemma. Should you have any recommendations, please share. Appreciate it! 434212
343421 113218I like this site quite considerably, Its a really good situation to read and get information . 786665