«Түркістаным-Тұраным» атты симпозиумға қатысқан суретшілердің әлемдік деңгейдегі шығармаларының көрмесі ашылды

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің саммиті аясында «Түркістаным-Тұраным» атты симпозиумға қатысқан суретшілердің әлемдік деңгейдегі шығармаларының көрмесі ашылды.


ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы ұйытқы болып, Түркістан облысының әкімдігі қолдаған іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын арналған. Көрменің басты мақсаты — түркітілдес халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты, мәдени байланысты нығайту, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, түркітілдес мемлекеттердің белгілі суретшілерінің туындыларын насихаттау және бір-бірімен іс-тәжірибе, пікір алмасу. Сонымен қатар түркітілдес елдердің рухани астанасы Түркістанды өнер тілімен насихаттау.

Симпозиум барысында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов сөз сөйлеп, суретшілерге сертификат тапсырып, мәртебелі дипломдармен марапаттады. Іс-шарада шетел суретшілері атынан Қырғыз Республикасының халық суретшісі Юристанбек Шығаев пен Қазақстан суретшілері атынан ҚР Көркем академиясының академигі Ерлан Айтуаров сөз алып, көрменің маңыздылығын тілге тиек етті.

Айта кетейік, симпозиумда суретшілер 5 күн бойы 120-дан астам жоғары дәрежедегі туындыларды жазды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 835195 970413If youre needing to produce alteration in an individuals llife, during i would say the Are usually Bodyweight peeling off pounds training course are a wide path in the direction of gaining any search. la weight loss 425120

Добавить комментарий для โอลี่แฟน Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.