Түркістан: Келес ауданында карантин бұзушыларды анықтау бойынша рейдтер күшейтілген режимде жүргізілуде

Кәсіпкерлік нысандары арасында карантин талаптарын бұзушылардың жолын кесу жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жалғастыруда.


Өткен сенбіде аудан орталығында шектеу шараларын сақтамаған 3 мейхамхана анықталды.

Кәсіпкерлік нысандары жұмыс режимін сақтамау, әлеуметтік қашықтық, маска режимін сақтамау, келушілердің рұқсат етілген санынан асып кетуі секілді тәртіптерді жиі бұзады.

Атап айтар болсақ, Абай ауылындағы «Хан шаңырағы» мейрамханасы 70 адамнан аса азаматтардың басын қосып, «бесік той» шарасын өткізген. Мобильді топ өкілдері аталған нысанға барып, карантин ережесін бұзғаны үшін нысан иесі мен той иесіне акт толтырылды. Сол сияқты аудан орталығындағы «Ақнұр» және «Бешбармақ» кафелерінде жұмыс режимінің бұзылғаны анықталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Аудандағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары, кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды, шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 106748 183590Thanks for the post. I like your writing style — Im trying to start a weblog myself, I feel I may well read thru all your posts for some suggestions! Thanks once much more. 803731

Добавить комментарий для red eye preamp effects loop Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.