Түркістан: Ордабасы ауданында жыл басынан бері ауылшаруашылық саласында 17 млрд. 700 млн. теңгенің өнімі өндірілген

Түркістан облысы Ордабасы ауданында жыл басынан бері ауылшаруашылық саласында 17 млрд. 700 млн. теңгенің өнімі өндірілген.


Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,4 пайызды құрады. Нәтижесінде, Ордабасы ауданы облыс көлемінде аудан, қалалар арасында бірінші орында. Аграрлы сала бойынша ауданның облыстағы үлесі – 8,3 пайыз.

Атап айтар болсақ, осы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша тапсырма 145%, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 76 пайыз, «Құлан» бағдарламасы 64 пайызға орындалған.

Сонымен қатар, ауданда 2021 жылға 100 бірлік мал бордақылау алаңдарын ашу жопарланса, бүгінгі таңда 78 пайызы орындалды. Ал, ауылшаруашылық саласындағы жаңа технология – тамшылатып суару әдісін енгізу көрсеткіші 87 пайыз.

Биылғы көктемгі дала жұмыстары бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан үш жақты меморандумға сәйкес, 65 780 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру тапсырмасы жоспардағы көрсеткіштен артығымен (65 904 гектар немесе 100,2 пайыз) орындалған.

Өндіріске қажетті техника жаңарту көрсеткіші 74 пайызды құрап отыр.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

  1. 700641 411208Good post. I be taught one thing more challenging on entirely different blogs everyday. It will all of the time be stimulating to learn content material from other writers and apply slightly 1 thing from their store. Id desire to use some with the content on my weblog whether you dont mind. Natually Ill give you a hyperlink on your net blog. Thanks for sharing. 178480

  2. 873951 964451Hello there, just became alert to your blog by way of Google, and identified that its genuinely informative. Im going to watch out for brussels. I will appreciate if you continue this in future. Numerous men and women will likely be benefited from your writing. Cheers! 328147

Добавить комментарий для click to read Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.