
Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Мұқағали Мақатаев мектебінде қазақтың ұлттық ойындарының бірі тоғызқұмалақтан аудандық жарыс өтті.
Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жарыс аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жастар спортпен бірге» атты ұранмен ауданымыздың 18 жасқа дейінгі жаөспірім ұлдар және қыздар арасында өтіп, жалпы саны 57 ойыншы қатысып, ойлылардың ойынында зерек те ақылды жасөспірімдер тартысты ойын көрсетті. Қызықты өткен тоғызқұмалақ жарысында бірінші орынды Б.Жорабек қанжығаға байлады. Ал, екінші орынды Б.Ташимов еншілесе, үшінші орынды М.Тұрғынбай иеленді.
Жарыстың соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді диплом, медальдар марапаттады.
Сондай-ақ, Халықаралық балаларды қорғау күні аясында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жастар спортпен бірге» атты ұранмен қол күресінен де жарыс өтті. Сарыағаш ауданы Таскескен ауылы С.М.Торайғыров ж.о.м қол күресінен жарысқа ауданымыздан жалпы саны 17 жасөспірім қатысты, оның ішінде 7-10, 11-14 және 15-18 жасқа дейінгі жасөспірімдер қол күрестіріп жүлделі орын алған балдар арнайы марапаттарға ие болды.
Жарыс жоғары дәрежеде өтіп, барлық санитарлық талаптар сақталды.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
156955 462711An incredibly fascinating read, I may well not concur completely, but you do make some very valid points. 833096
279055 678279Soon after study several of the content material for your internet site now, i genuinely as if your technique of blogging. I bookmarked it to my bookmark website list and are checking back soon. Pls have a look at my web site too and told me if you agree. 752159