Түркістан: Сауран ауданында жұмсақ жиһаздың 40-қа жуық түрін шығаратын цех жұмыс істейді

Түркістан: Сауранда айына 500 дана жиһаз өндіретін цех жұмыс істейді.


Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

«DIVALUX» атты кәсіпорын 2002 жылы құрылған. Содан бері аталған мекеме өз өнімін еліміздің барлық өңірлерінің нарқына шығарып үлгерген. Мекеме басшысы Шухрат Нәбиевтің ендігі мақсаты – кәсібінің өрісін кеңейтіп, дайын тауарды алыс-жақын шетелдерге экспорттау.

«Алғашында жиһаз шығаруды 5 мың шаршы метр аумақта бастадық. Ол кезде 5-6 адам ғана жұмыс істейтін. Тапсырыс көбейіп, өнім өзекті болған соң жұмысшылар саны жыл санап арта түсті. Қазіргі таңда, жұмысшылар саны 120-ға жетіп отыр. Мамандардың негізгі бөлігі жергілікті азаматтар. Олардың біліктілігін арттыруға да тиісті деңгейде жұмыстар атқарып жатырмыз», – деді Ш.Алиханұлы.

Жиһазға қажетті шикізаттар Түркия елінен жеткізілуде. Аталған цех айына 500-ге жуық жиһаз құрастыруға қауқарлы. Алдағы уақытта өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. 512778 805659Hi. Thank you for creating this site . I m working on betting online niche and have found this internet site making use of search on bing . Will likely be confident to appear far more of your content . Gracias , see ya. :S 104424

Добавить комментарий для ติดตั้ง ais fiber Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.