
Аудан бойынша 4000-нан аса шаруа қожалық бар.
Түлкібас ауданының шығыс қақпасы саналатын Шақпақ баба ауылында құлпынай жайқалып тұр. Ауыл сыртында орналасқан алқаптан құлпынай піскен шақта жұпар иіс аңқып тұрады.
«Ақбиік Агро» шаруа қожалығының иесі Бекжан Исақов 2015 жылдан бері осы кәсіпті қолға алып келеді. Бүгінде 2 га жерге құлпынайдың екі түрін өсіруде. «Виктория» және «Альбион» деп аталатын түрлері аталған ауылдың ауа райына қолайлы болып келеді. Күзге дейін бір жерден екі рет өнім алып келген шаруа биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты өнім көлемі жылдағыдан аз болғанын айтады. Алайда, аудан тұрғындарына уақытылы жеткізіп тұрады. Базардағы саудагерлер мен арнайы өндірістік фирмалар алқап басына келіп, алып кетеді. Негізгі тұтынушылары Тараз қаласынан. Бекжан Исақов екінші өнімді ауыл тұрғындары тосап жабуға көптеп алатынын айтты. «Құлпынай – көп күтімді қажет ететін бақша өнімі. Егілген соң бір жылдан кейін өнім бере бастайды. Жақсы күтілген алқаптан бір жылда екі өнім алуға болады. Үнемі жүйектердің арасын тазартып тұруды қажет ететіндіктен, жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарттық. Бүгінде онға жуық әйел жиым-теріммен айналысып, нәпақасын тауып отыр»,- дейді шаруа қожалық иесі.
Ауданда бұдан да өзге шаруалар бір жерден екі өнім алуға қызығушылық танытып, қолға алуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, бүгінде аудан бойынша 4000-нан аса шаруа қожалық бар. Олардың барлығы да ел игілігі жолында қызмет етіп келеді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
275041 474118You ought to join in a contest for starters with the highest quality blogs online. I will recommend this page! 647537
607700 256028Definitely value bookmarking for revisiting. I wonder how so much effort you put to make one of these fantastic informative website. 510802
288673 196434Youre so correct. Im there with you. Your weblog is surely worth a read if anyone comes throughout it. Im lucky I did because now Ive obtained a whole new view of this. I didnt realise that this problem was so crucial and so universal. You definitely put it in perspective for me. 696957