Түркістан: Төлеби ауданында көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқа табысталды

Түркістан облысы, Төлеби ауданында алтын құрсақты аналар ардақталды. Аудан әкімі аппаратының басшысы көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқа табыстады. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


ҚР Президентінің 2021 жылғы №632 Жарлығы бойынша Төлеби ауданындағы 28 көпбалалы ана «Алтын» және «Күміс» алқамен марапатталды. Аудан әкімі аппаратының басшысы Есімхан Қадырбеков алтын құрсақты 9 анаға «Алтын», 19 анаға «Күміс» алқаларын табыстап, шаңырақ отын маздатып, еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестері үшін алғыс білдірді.

Әйел, отбасы, қоғам бұл үшеуі өзара тығыз байланысты. Әйел — ең алдымен, ұрпақ бақытына, өз шаңырағына, сондай-ақ Отанымыздың болашағына жауапты тұлға. Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ұлттық тәрбиемізде алар орны терең. Әйел ұрпақты да, ұлтты да тәрбиелейді. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.