Түркістан облысында 44 мұздақ көлге тікұшақпен барлау жүргізілді

Түркістан облысының аумағында сел жүру қауіпі бар 100 аумақ орналасқан. Осы орайда 44 мұздақ көлге тікұшақпен барлау жүргізілді.


Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оның зақымдану аймағы 4 280 550 шаршы метрді құрайды. Облыста сел тасқынын алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері  тауда орналасқан 44 мұздақ көлдерге ЕС-145 маркалы тік ұшағымен аэровизуалды шолу жүргізді. Сонымен қатар, сел қаупі бар учаскелер қаралды.  Нәтижесінде,  мұздақ көлдердің жағдайы қалыпты жағдайда тұрғандығы анықталып, сел тасқыны төндіру қауіпі жоқ деп тұжырымдалды.

Айта кетейік, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен, ауа райының күрт өзгеруіне, яғни күннің жылуына байланысты селдің алдын алу үшін облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен  табиғат қоғау басқармасы мониторинг жүргізді. Оның қорытындысы облыс әкіміне баяндалды. Облыс әкімі таулы аудандардың тұрғындарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында бірқатар ведомстволарға күнделікті мониторинг жүргізуді тапсырды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 18887 392411Ill correct away grasp your rss feed as I cant in locating your e-mail subscription hyperlink or e-newsletter service. Do youve any? Please let me comprehend so that I might subscribe. Thanks. 713125

Добавить комментарий для 電子煙 Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.