ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, Мыңбай Дархан Қамзабекұлы Түлкібас ауданына арнайы іс-сапармен келді.
Түлкібас ауданында түрлі салада қызмет етіп келе жатқан, экономиканың дамуына өз үлестерін қосып жүрген кәсіпкерлер, шаруа қожалық басшылары, білім және мәдениет саласының өкілдерімен Түлкібас ауданының әкімі, филиал төрағасы Нұрлан Мархабатұлы таныстырды. Ең алдымен Азаттық ауылында орналасқан «Азатлық» сүт зауыты («Майлыкент сүт») СТК 1906 жылы құрылған және қайта құру кезеңіне дейін жұмыс істеген және 2006 жылы ол толықтай жаңартылып, соңғы технология мен ғылыммен жабдықталған нысанға ат басын бұрды.
«Майлыкент — Сүт» СТК-ның сүт өнімдерін өндіру бойынша 8 жылдан астам тәжірибесі бар. Майлыкент-Сүт сауда белгісімен сүт өнімдерін өндіру үшін таза табиғи, сапалы және экологиялық таза сүт өнімдерін пайдаланып өндіреді және сатылымға шығарады. Өнім өте дәмді және пайдалы, диеталық және емдік қасиеттерге ие. «Майлықент — Сүт» брендімен сүт өнімдерінің 12 -ден астам түрін шығаратын, әртараптандырылған кәсіпорын. Барлық өнімдер 100% табиғи сүттен жасалған. Кіріс шикізатының сапасын мұқият бақылау және шығарылатын өнімнің сапасын қатаң бақылау мекеменің ғылым мен техниканың ең жаңа құралдарымен жабдықталған физико-химиялық, микробиологиялық және радиологиялық зертханаларда жүзеге асырылады. Өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын арттырудың маңызды бағыты менеджмент жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестігіне сертификаттау болып табылады.
Одан бөлек Түлкібас ауданында Ана мен балаға, Ақ халатты абзал жандардың құрметіне салынып бой көтерген «Ана мен бала», «Дәрігерлер» аллеясына ат басын бұрды. Сонымен бірге Түлкібас ауданының сәнін келтіріп, көркейтіп отырған ҚР «Тұңғыш Президент паркінде» болып, жылы ықыласын білдірді. Халық қалаулысы Д.Мыңбай Түлкібас ауданының ақыны Әбдібек Аралбайұлының шаңырағында болып, кездесу өткізді. Ақын атамыз Дархан Қамзабекұлына Түлкібас ауданына жасаған жақсылықтарын еске алып, өзінің шығармашылық туындыларын тарту етті.
Білім саласы да Түлкібас ауданында қарқынды белең алып келеді. Іс-сапар барысында Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысын бақылап өтті. Мектеп құрылысының жұмысы 21.06.2021 жылы басталып, 21.04.2022 жылы аяқтау көзделіп отыр. Тапсырыс беруші Түркістан облысының құрылыс басқармасы, мердігер «Агроспецмонтаж» ӨК. Дархан Қамзабекұлы Білім және ғылым саласының қоғамда азамзат баласынан ажырамас бір бөлігі болып табылады және болашақ ұл-қыздарды тәрбиелеп шығаратын білім ордасы екендігін атап өтіп, сондықтанда мердігер басшы мен аудандық адами адами әлеуметті дамыту бөлімінің басшылығының осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарына қажымас қайрат тіледі.
Түлкібас ауданында ауылшаруашылық саласының дамуындағы себепкерлердің бірі – «Мирош» ШҚ. Халық қалаулысы «Мирош» ШҚ төрағасы Сабуров Әжібай қарияның 9 га егістік алқабының басына барып, жай күйімен бөлісті. 77 жасқа қараған қария екінші ұлымен бірге егін егіп, жер жыртып жүргенінен биыл 23 жыл болған екен. Кәсіпкер қарбыз-қауынның 6 түрін егіп, ризығын көрудің мақсаты – жастарға үлгі көрсетіп, тәжірибе алмасу екендігін атап өтті. Кемербастау ауылдық округі, Кемербастау ауылдық округінің маңындағы сайдан су қоймасын салу қажеттілігі туындауда. Бұлақтар көп болғанымен сулар ағып кетуде. Егерде Тоған салынса сол айдаладағы егістіктерге жетіп, барлығын қамтып өтер еді. Осыған сәйкес шаруа қожалық егесі Тоған салу жөнінде ұсыныс білдіріп, шаруа қожалық басшылығы кездесу барысында осы мәселеді қолға алуды ұсынды.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы, Түлкібас ауданы бойынша 2021-2025 ж.ж. арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының жол картасында көрсетілген «Etno Park Resort» туристeрге арналған демалыс орны кешенінде жоспарланған соңғы кездесу өтті. Аталмыш демалыс орынның атқарушы директоры Сәуірбаев Даурен Ермекұлы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мыңбай Дархан Қамзабекұлын жаңа үлгіде соғылған «Etno Park Resort» демалыс орнының нысанымен таныстырып шықты. Бұл демалыс орынның негізгі мақсаты, аудан аумағында этно туризм түрін дамыту және шет ел туристерін қабылдау, экскурсия, облыстық және ауданның туристік маршрутына енген нысандарға экскурсиялық саяхат қызметтерін ұсыну, ауданда туризм саласын дамытуға ықпал ету екендігін алға тартты. Дархан Қамзабекұлы ауданда осындай жаңа инновациялық жаңалықтар қолға алынып, жұмыс жасап жатқандығына өз ризашылығын білдіріп, жас кәсіпкерлер мен үлкен аға буын өкілдеріне сәттілік тіледі.
«ANYQ.KZ» — ақпарат