Түркістан: Қала әкімі вакцина егетін бекеттердің қызметін бақылады

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһардағы вакцина егетін бекеттердің қызметін бақылады.


Бұған дейін жарияланғандай, Түркістан қаласында 13 вакцина салу нүктесі бар болатын. Бүгінгі таңда Түркістан қалалық емханасының басшылығы «Rixos Turkistan” қонақ үйі мен «Керуен сарай» туристік кешенімен келісім жүргізіп, бекет санын көбейтті. Атқарылған жұмыс нәтижесінде тұрғындардың екпе егуіне ыңғайлы жағдай қалыптасуда.

Қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері 707 азамат коронавирус індетімен ауырған. Ал, пневмонияға шалдыққан адамдар саны – 224-ті құрайды. Белгілі болғандай, тест оң нәтиже берген азаматтар коронавирусқа қарсы екпе ектірмеген.

Айта кетейік, Түркістан облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №17 Қаулысына сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары толтырылуы 50 пайызға дейін, 50 орыннан асырмай жұмыс уақыты 7:00-00:00 дейін, ал «Ashyq» жобасына қатыспайтын қоғамдық тамақтану орындары сенбі-жексенбі күндері 7:00-18:00 аралығында жеткізіп беру қызметімен жұмыс істейді. Бассейндер, спорттық нысандар, театрлар мен кинотеатрлар, көрермендермен өтетін спорттық іс-шаралар да сенбі-жексенбі ұйымдастырылмайды және қызмет көрсетпейді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. 978157 339414hey there i stumbled upon your site searching around the web. I wanted to tell you I enjoy the look of points about here. Maintain it up will bookmark for certain. 928601

  2. 406426 252057Thanks for the post. I like your writing style — Im trying to start a weblog myself, I think I may possibly read thru all your posts for some suggestions! Thanks once more. 696061

Добавить комментарий для เว็บสล็อตตรง จากต่างประเทศ ไม่มีขั้นต่ำ Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.