Түркістан: 62 мың гектардан астам алаңды сумен қамтамасыз ету жақсартылады

Түркістан облысында егістік судың жылдық шығыны 200 млн текше метрге азайтылады.


Ол үшін суармалы алқаптардың арықтары жөндеуден өтіп, 1,9 мың шақырым канал күрделі жөндеуден өтуі керек.

Экология, геология және табиғи рерсурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында Түркістан облысының эологиясын жақсарту жоспарын ұсынды.

«Суармалы алқаптарды қалпына келтіру арқылы 62 мың гектардан астам алаңды сумен қамтамасыз ету жақсартылады. Ұзындығы 1,9 мың шақырым болатын канал реконструкцияланады. Жыл сайын суармалы судың шығыны 200 млн текше метрге азаяды. Бұл ауыл шауарышылығы өнімдерінің көлемін 40 млрд теңге жеткізіп, 12 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», — деді министр.

Сондай-ақ, ол облыс Түркістан қаласын жасыл белдеумен қоршау үшін 2019 жылдан бері 3,8 млн текше көшет егілгенін атады.

 «Түркістан қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін облыс әкімдігімен бірге 2019 жылдан бастап қаланың айналасында 7,7 мың гектар алаңда жасыл белдеу құру жұмысы жүріп жатыр. Оның ішінде екі жылда 4,7 мың гектар алаңда 3,8 млн көшет егілді», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.